HP LaserJet Enterprise M806 - User's Guide

а. Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Запустить (Іске қосу) пәрменін таңдап, cmd деп теріңіз де, Enter пернесін басыңыз.
ә. Өнім үшін IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
Mac OS X амалдық жүйесінде желі утилитасын ашып, Ping терезесінің тиісті жолағына IP
мекенжайын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
2. Егер ақпарат жіберу командасы орындалмаса, желілік хабтардың қосулы екенін тексеріңіз, содан
кейін желі параметрлерінің, өнімнің және компьютердің бір желіге конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Өнім желі үшін қате сілтеме және дуплекс параметрлерін пайдалануда
HP бұл параметрлерді автоматты режимде (әдепкі параметр) қалдыруды ұсынады. Егер осы
параметрлерді өзгертсеңіз, оларды желі үшін де өзгерту қажет.
Жаңа бағдарламалық құралдар үйлесімді ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Жаңа бағдарламалық құралдардың дұрыс орнатылғанын және олардың дұрыс принтер драйверін
қолданатындығын тексеріңіз.
Компьютеріңіз немесе жұмыс компьютеріңіз дұрыс орнатылмаған.
1. Желілік драйверлерді, принтер драйверлерін және желінің қайта бағыттау параметрлерін тексеріңіз.
2. Амалдық жүйенің дұрыс конфигурацияланғанын тексеріңіз.
Өнім ажыратылған немесе басқа желі параметрлері дұрыс емес.
1. Желі протокол күйін тексеру үшін конфигурациялау бетін қайтадан қарап шығыңыз. Қажет болған
жағдайда оны қосыңыз.
2. Қажет болса, желі параметрлерін қайтадан реттеңіз.
138 6-тарау Мәселелерді шешу KKWW