HP LaserJet Enterprise M806 - User's Guide

Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы
Өнім күйін тексеру немесе компьютерден өнімнің параметрлерін көру немесе өзгерту үшін Mac OS X
жүйесіне арналған HP қызметтік бағдарламасын пайдаланыңыз.
HP утилитасын өнім USB кабелімен жалғанғанда немесе TCP/IP негізінде істейтін желіге жалғанғанда
пайдалануға болады.
HP қызметтік бағдарламасын ашыңыз
Табу құралынан Applications (Бағдарламалар) түймешігін, HP түймешігін, одан кейін НР Utility (НР қызметтік
бағдарламасы) түймешігін басыңыз.
Егер HP қызметтік бағдарламасы Utilities (Қызметтік бағдарламалар) тізімінде болмаса, оны ашу үшін келесі
процедураны пайдаланыңыз:
1. Компьютерде Apple мәзірін ашып, System Preferences (Жүйе теңшелімдері) мәзірін нұқыңыз, одан
кейін
Print & Fax (Басып шығару және факс) белгішесін немесе Print & Scan (Басып шығару және
сканерлеу) белгішесін басыңыз.
2. Терезенің сол жағындағы өнімді таңдаңыз.
3. Options & Supplies (Параметрлер және жабдықтар) түймешігін басыңыз.
4. Utility (Утилита) қойындысын нұқыңыз.
5. Open Printer Utility (Принтер қызметтік бағдарламасын ашу) түймешігін басыңыз.
HP утилитасының функциялары
HP Utility (HP қызметтік бағдарламасы) құралдар тақтасы әрбір беттің жоғарғы жағында болады. Ол мына
элементтерді қамтиды:
Құрылғылар: экранның сол жағындағы Printers (Принтерлер) тақтасында HP қызметтік бағдарламасы
тапқан Mac өнімдерін көрсету немесе жасыру үшін осы түймені басыңыз.
Барлық параметрлер: HP қызметтік бағдарламасының негізгі бетіне оралу үшін осы түймені басыңыз.
Қолданбалар: Dock тақтасында пайда болатын HP құралдарын немесе қызметтік бағдарламаларын
басқару үшін осы түймені басыңыз.
HP қолдауы: шолғышты ашу және өнімнің HP қолдау веб-торабына өту үшін осы түймені басыңыз.
Жабдықтар: HP SureSupply веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
Тіркеу: HP тіркеу веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
Өңдеу: HP Planet Partners өңдеу бағдарламасының веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
HP қызметтік бағдарламасы All Settings (Барлық параметрлер) тізімін басу арқылы ашылатын беттерден
тұрады. Келесі кестеде НР қызметтік бағдарламасының көмегімен орындауға болатын тапсырмалар
түсіндіріледі.
Мәзір
Нөмірі Сипаттама
Ақпарат және қолдау Жабдықтар күйі Өнім жабдықтарының күйін көрсетіп, жабдықтарға желіде тапсырыс
беру сілтемелерін қамтамасыз етеді.
KKWW Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы 59