HP Color LaserJet Enterprise M651 - User's Guide

3. Науаға парақты салыңыз. Бағыттауыштардың
жинаққа майыстырмай, сәл тиіп тұрғанына көз
жеткізу үшін қағазды тексеріңіз. Қағазды
бағыттау жолдары туралы ақпаратты
2-2-
Кесте 2-науа және 500 парақтық науалардағы
қағаз бағыты (19-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кептелуге жол бермеу үшін
науаны толтырып жібермеңіз. Буманың
жоғарғы жағы науаның толық көрсеткішінен
төмен екендігін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер науа дұрыс реттелмесе,
басып шығару кезінде қателік хабары
шығады немесе қағаздың кептелуі мүмкін.
4. Науаны жабыңыз.
5. Өнімнің басқару тақтасында науаны
конфигурациялау туралы хабар көрсетіледі.
6. Анықталған түр мен өлшемді қабылдау үшін
OK түймешігін түртіңіз немесе басқа қағаз
өлшемін немесе түрін таңдау үшін Modify
(Өзгерту) түймешігін түртіңіз.
Өнімнің басқару тақтасында ескерту
көрсетілгенде, өзгертпелі өлшемді қағаз үшін
X және Y өлшемдерін көрсетуіңіз керек.
Y
X
7. Дұрыс түр мен өлшемді таңдаңыз да, OK
түймешігін түртіңіз.
18 2-тарау Қағаз науалары KKWW