HP Color LaserJet Enterprise M651 - User's Guide

Басып шығару тапсырмалары (Windows)
Басып шығару әдісі (Windows)
Келесі процедурада Windows үшін негізгі басып шығару процесі сипатталады.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді принтерлер тізімінен таңдаңыз. Параметрлерді өзгерту мақсатында принтер драйверін ашу
үшін Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз немесе
түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
3. Қолдануға болатын опцияларды реттеу үшін баспа драйверіндегі қойындыларды басыңыз
немесе түртіңіз. Мысалы, қағаз бағдарын Finishing (Өңдеу) қойындысында орнатыңыз, ал қағаз
көзін, қағаз түрін, қағаз өлшемін және сапа параметрлерін Paper/Quality (Қағаз/сапа)
қойындысында орнатыңыз.
4. Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіне қайту үшін OK түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
Осы экранда басып шығаратын көшірмелер санын таңдаңыз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін OK түймешігін басыңыз.
34 4-тарау Басып шығару KKWW