HP Color LaserJet Enterprise M651 - User's Guide

Бір параққа бірнеше бетті басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен өнімді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
3. Finishing (Аяқтау) қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Әр параққа беттер санын параққа бет ашылмалы тізімінен таңдаңыз.
5. Print page borders (Бет жиектерін басып шығару), Page Order (Беттер реті) және Orientation
(Бағдар) үшін дұрыс опцияларды таңдаңыз. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу
терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
6. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін
бас
ыңыз.
Қағаз түрін таңдау (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен өнімді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Басымдықтар) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
3. Қағаз/Сапа қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4. Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен More... (Көбірек...) опциясын таңдаңыз.
5. Type is: (Түрі:) опцияларының тізімін жайыңыз.
6. Қағазды ең жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің санатын жайыңыз.
7. Қолданыстағы қағаз түрінің опциясын таңдап, OK түймешігін басыңыз.
8. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шы
ғару үшін Pr
int (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін
басыңыз.
Егер науаны конфигурациялау керек болса, өнімнің басқару тақтасында науаны конфигурациялау
туралы хабар көрсетіледі.
9. Түрі мен өлшемі көрсетілген қағазды науаға салып, оны жабыңыз.
10. Анықталған түр мен өлшемді қабылдау үшін OK түймешігін түртіңіз немесе басқа қағаз өлшемін
немесе түрін таңдау үшін Modify (Өзгерту) түймешігін т
үртіңіз.
11. Дұрыс түр мен өлшемді таңдаңыз да, OK түймешігін түртіңіз.
Қосымша басып шығару тапсырмалары
АҚШ-та www.hp.com/support/colorljM651 торабына өтіңіз.
36 4-тарау Басып шығару KKWW