HP Color LaserJet Enterprise M651 - User's Guide
Мобильді басып шығару
HP компаниясы ноутбуктан, плашнеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP
принтері арқылы сымсыз басып шығаруға мүмкіндік беретін Mobile және ePrint шешімдерін ұсынады.
Ең жақсы таңдауды анықтау үшін
www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting (тек ағылшын тілінде) бетіне
өтіңіз.
●
HP Wireless Direct және NFC басып шығару
●
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
●
HP ePrint бағдарламалық құралы
●
AirPrint
HP Wireless Direct және NFC басып шығару
HP компаниясы HP Jetdirect 2800w NFC және сымсыз тікелей аксессуар (өнім нөмірі: J8029A) бар
принтерлер және кейбір басқа HP LaserJet принтерлері үшін (принтер құжаттамасын тексеріңіз) HP
сымсыз тікелей құрылғысы мен NFC (Near Field Communication) басып шығару функциясымен
қамтамасыз етеді. HP Jetdirect 2800w NFC және сымсыз тікелей аксессуар бойынша қосымша
ақпаратты
www.hp.com/go/jd2800wSupport сайтынан қараңыз.
HP Wireless Direct мүмкіндігін мына құрылғылардан сымсыз басып шығару үшін пайдаланыңыз:
●
Apple AirPrint немесе HP ePrint қолданбасын пайдаланатын iPhone, iPad немесе iPod touch
●
HP ePrint қолданбасын немесе Android ендірілген басып шығару шешімін пайдаланатын Android
мобильді құрылғылары
●
HP ePrint Home & Biz қолданбасын пайдаланатын Symbian мобильді құрылғылары
●
HP ePrint бағдарламасын пайдаланатын ДК және Mac құрылғылары
HP Wireless Direct басып шығару туралы қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/wirelessprinting
бетіне өтіңіз де, сол жақ шарлау тақтасында HP Wireless Direct сілтемесін басыңыз.
NFC және HP Wireless Direct мүмкіндіктерін принтердің басқару тақтасынан қосуға немесе өшіруге
болады.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) мәзіріне өтіп, оны түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Желі параметрлері
●
Сымсыз байланыс мәзірі
●
Wireless Direct (Сымсыз түрде тікелей қосу)
3. On (Қосу) мәзір элементін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бір өн
імнің бір
неше моделі орнатылған орталарда HP сымсыз тікелей басып шығаруға
өнімді анықтауды жеңілдету үшін әр өнімге бірегей SSID кодын беру пайдалы болуы мүмкін. Сонымен
бірге өнімнің басқару тақтасының негізгі экранындағы Network (Желі)
түймесін түрткен кезде SSID
(қызмет жинағының идентификаторы) How to Connect Page (Бетке қосылу жолы) бетінде қол жетімді
болады.
Өнімнің SSID мәнін өзгерту үшін осы процедураны орындаңыз:
44 4-тарау Басып шығару KKWW










