HP Color LaserJet Enterprise M651 - User's Guide

1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) мәзіріне өтіп, оны түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Желі параметрлері
Сымсыз байланыс мәзірі
Wireless Direct (Сымсыз түрде тікелей қосу)
SSID
3. SSID name (SSID атауы) аумағын түртіңіз.
4. Атауын өзгерту үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
5. OK түймешігін түртіңіз.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
HP ePrint құралын құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолдайтын құрылғыдан
электрондық хабардың қосымшасы ретінде өнімнің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы
басып шығару үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл мүмкіндікті қолдану үшін өнімнің ішкі бағдарламасын жаңарту қажет болуы мүмкін.
HP ePrint функциясын қолдану үшін өнім мына талаптарға сай болуы керек:
Өнім сымды немесе сымсыз желіге қосылған және Интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы керек.
Өнімде HP Web Services қосулы болуы және өнім HP Connected қызметіне тіркелуі керек.
HP веб-қызметтерін қосу және HP Connected арқылы тіркеу үшін мына процедураны орындаңыз:
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. IP мекенжайын немесе хост ат
ауын кө
рсету үшін өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда желі
түймешігін түртіңіз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
өнімнің басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасында Enter пернесін
басыңыз. EWS ашылады.
2. HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерді қосу үшін, опцияны таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-қызметтерді қосу бірнеше минут алуы мүмкін.
4. HP ePrint есептік жазбасын жасау үшін, www.hpconnected.com торабына өтіп, параметрлерді
орнату процесін орындаңыз.
HP ePrint бағдарламалық құралы
HP ePrint бағдарламасы Windows немесе Mac жұмыс үстелі компьютерінен немесе ноутбугынан кез
келген HP ePrint қолдайтын өнімде басып шығаруды оңай етеді. Бұл бағдарламалық құрал
KKWW Мобильді басып шығару 45