HP Color LaserJet Enterprise M651 - User's Guide
3. Device Information (Құрылғы туралы ақпарат) бетінде әдепкі өнім атауы Device Name
(Құрылғы атауы) өрісінде болады. Осы атты өзгертіп осы өнімді бірегей түрде анықтауға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы беттегі басқа жолдарды толтыру міндетті емес.
4. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймешігін түртіңіз.
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеңіз
IPv4 мекенжайын, қосалқы желі маскасын және стандартты шлюзді қолмен орнату үшін басқару
тақтасындағы Administration (Басқару) мәзірлерін пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) түймешігіне жылжып
барып, түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
Желі параметрлері
●
Jetdirect мәзірі
●
TCP/IP
●
IPV 4 параметрлері
●
Конфигурация әдісі
3. Manual (Қолмен) опциясын таңдап, Save (Сақтау) түймесін түртіңіз.
4. Manual Settings (Қолмен енгізілетін параметрлер) мәз
і
рін ашыңыз.
5. IP Address (IP мекенжайы), Subnet Mask (Қосалқы желі маскасы) немесе Default Gateway
(Стандартты шлюз) опциясын түртіңіз.
6. Сандық пернетақтаны ашу үшін бірінші өрісті түртіңіз. Өріс үшін дұрыс сандарды енгізіңіз де, OK
түймесін түртіңіз.
Әр өріс үшін процесті қайталаңыз да, Save (Сақтау) түймесін түртіңіз.
IPv6 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеңіз
IPv6 мекенжайын қолмен орнату үшін басқару тақтасындағы Administration (Басқару) мәзірлерін
пайдаланыңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Administration (Басқару) түймешігіне жылжып
барып, түртіңіз.
2. Қолмен конфигурациялауды қосу үшін келесі мәзірлерді ашыңыз:
●
Желі параметрлері
●
Jetdirect мәзірі
●
TCP/IP
●
IPV6 параметрлері
●
Мекенжай
KKWW IP желі параметрлерін реттеу 51










