HP Color LaserJet Enterprise M651 - User's Guide

1. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
2. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
3. Бұрын басылып шығарылған немесе көшірілген қағазды қайта қолданбаңыз.
4. Науаның толтырылғанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын шығарыңыз,
жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз б
ағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттағыштарды қағаз жинағын майыстырмай, оларға тиіп тұратындай реттеңіз.
6. Науа өнімге толық салынғанын тексеріңіз.
7. Егер ауыр, дөңес немесе тесігі бар қағаз басып шығарсаңыз, бір мезгілде қолмен беру мүмкіндігін
және бір парақ беру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
8. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Trays (Науалар) түймешігіне жылжып бары
п,
түртіңіз. Науаның қағаз түріне және өлшеміне дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
9. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
1-науадағы кептелуді тазалау
Кептеліс орын алғанда басқару тақтасында кептелісті тазалауға көмектесетін анимация көрсетіледі.
1. Егер кептелген қағаз 1-науадан көрінсе,
қағазды тіке ақырын тартып алып, кептелген
қағаздан тазалаңыз. Хабарды өшіру үшін OK
түймешігін түртіңіз.
80 6-тарау Жалпы ақаулықтарды түзету KKWW