User Guide - Windows 8

Table Of Contents
5 Мультимедиа
Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін:
Кірістірілген динамик(тер)
Кірістірілген динамик(тер)
Кірістірілген веб камера
Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату,
жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері
болу мүмкін:
Медиа түймешіктері
Медиа жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер)
Медиа пернелері
Аудио
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға,
вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа
файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін,
үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына (немесе
дыбыс шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Үндеткіштерді қоспай тұрып, дауыс параметрін түсіріңіз.
Құлақаспаптарды қосу
Сымды гарнитураны компьютердің гарнитураға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан
қараңыз.
Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану 41