Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Күйіп қалу немесе планшеттің қызып кету қаупін азайту үшін, жұмыс кезінде айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беткейге тимеуін қадағалаңыз. Планшет жəне айнымалы ток адаптері ақпараттық технология жабдығы қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950) арқылы белгіленетін пайдаланушыға рұқсат етілген беткей температурасына сай өндірілген.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Планшетпен танысу ...................................................................................................................................... 4 Алдыңғы жағы ....................
Жылжу ............................................................................................................................... 19 Қысу/созу .......................................................................................................................... 20 Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................................................. 20 Саусақты жиектен жылжыту ............................................................................................
8 Қауіпсіздік ..................................................................................................................................................... 34 Планшетті қорғау .............................................................................................................................. 34 Құпия сөздерді пайдалану ............................................................................................................... 34 Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату ............
12 Қолдау ......................................................................................................................................................... 46 Қолдау қызметіне хабарласу ........................................................................................................... 46 13 Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................ 47 Тұтынылатын қуат ........................................
1 Қош келдіңіз Планшеттің параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. ● Интернетке қосылу—Интернетке қосылу үшін, сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу 12-бетте бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту—Планшетті вирустардан болатын зақымнан қорғаңыз. Бағдарламалық құрал планшетте алдын ала орнатылған.
Ақпаратты табу Планшетте түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал орнатылған. Құралдар Берілетін ақпарат Орнату нұсқаулары буклеті ● Планшетті орнату туралы ● Планшет бөліктерін анықтау бойынша көмек Windows 8 Basics нұсқаулығы Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу. HP Support Assistant ● Амалдық жүйе туралы ақпарат HP Support Assistant (HP қолдау көрсету) бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Бұл нұсқаулыққа қол жеткізу үшін, Бастау экранындағы HP Support Assistant қолданбасын таңдап, Менің компьютерім, содан кейін Кепілдік жəне қызметтер тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қатысты арнайы НР шектеулі кепілдігін планшеттегі жəне/немесе қорапта келген CD/DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарының ішінен табуға болады.
2 Планшетпен танысу Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (2) Алдыңғы веб-камера Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. Веб-камераны қолдану үшін, Бастау экранынан YouCam бағдарламасын басыңыз немесе шебер түймелерді шығару үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипап өтіңіз, одан кейін Search (іздеу) жəне іздеу терезесін басыңыз.
Артқы көрінісі Бөлік Сипаттама (1) Микро SD карта оқығыш/Mикро SIM ұясына қол жеткізу тесігі Қағаз қыстырғышты қолданып, қол жеткізу тесігін ашып, SD картасын немесе микро SIM модулін салуға немесе алуға болады. (2) Микро SD карта оқығыш/Mикро SIM ұясы Микро SD сыйымдылығы жоғары (SDHC) жад картасын немесе қосымша сымсыз микро абонемент анықтағыш модулін (SIM) қолдайды (таңдаулы үлгілерде ғана).
(7) Дыбыс деңгейін азайту түймешігі Дыбыс деңгейін төмендету үшін түймешіктің төменгі шетін басыңыз. (8) Ережелер туралы ақпарат Ережелерді көрсетеді (таңдаулы үлгілерде ғана). Амалдық жүйе туралы ақпарат 9-бетте бөлімін қараңыз. Жоғарғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио-шығыс (құлаққап) ұясы/Aудио-кіріс (микрофон) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео динамиктерге, құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидардың дыбыс ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады.
Бөлік Сипаттама (3) Кірістірілген микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Қуат түймешігі ● Планшет өшірулі болғанда, қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Планшет қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті басып қалыңыз. ● Планшет ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығару үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (2) Өнім жəне ережелер туралы ақпарат Өнім жəне ережелер туралы ақпаратты көрсетеді (таңдаулы үлгілерде ғана). Амалдық жүйе туралы ақпарат 9-бетте бөлімін қараңыз . (3) 8 Бап 2 Планшетпен танысу Жалғау ұясы Қосымша AТ адаптерін немесе қосымша жалғау құрылғысын жалғайды.
Амалдық жүйе туралы ақпарат Жүйе туралы маңызды ақпарат планшеттің төменгі шетінде немесе артында орналасқан (таңдаулы үлгілерде ғана). Ақпарат шетелге саяхатқа шыққанда немесе қолдау қызметімен хабарласқан кезде қажет болуы мүмкін. ● Сериялық нөмір ● Өнім нөмірі ● Ережелер туралы ақпарат Windows бағдарламасында жүйе туралы ақпаратты көрсету үшін, Ақпаратты шолу 44-бетте бөлімін қараңыз.
Планшет параметрлерін өзгерту Көрініс пен экран жарықтығын өзгерте аласыз. Планшет көрінісін өзгерту Планшет бағдары немесе көрінісі альбомдық бағдардан портреттік бағдарға немесе портреттік бағдардан альбомдық бағдарға автоматты түрде өзгереді. 1. Планшет көрінісін альбомдық бағдардан портреттік бағдарға өзгерту үшін: Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа оң жаққа (сағат тілімен бағыттас) бұрыңыз. 2.
Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралдарды табу Планшетте қандай қатты диск орнатылғанын білу үшін: 1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу) түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз. 2. Іздеу жолағынап əрпін теріп, одан кейін Панель управления (басқару тақтасы) пəрменін түртіңіз. 3.
3 Желіге қосылу Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшет пен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардағы ақпараттарға қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз жол жоспарлағышы жəне сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде қолданылады. ● Корпоративтік немесе жалпы WLAN желісі сияқты кең ауқымды WLAN жүйесі əдетте, көптеген компьютерлер мен қосалқы құралдарды қамтамасыз етіп, критикалық желі функцияларын бөле алатын, сымсыз кіру нүктелерін пайдаланады.
ЕСКЕРІМ: Бастапқыда жаңа сымсыз құрылғыны планшетке жабдықталған желілік кабель арқылы қосу ұсынылады. Планшет Интернетке сəтті қосылғаннан кейін кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады. WLAN жүйесін қорғау Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген кезде, əрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар жəне əуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
ЕСКЕРІМ: Егер өзіңізге қажетті WLAN желісі көрінбесе, бастау экранынан сенсорлы экранның оң жақ шетін сипап, шебер түймелерді шығарып алыңыз, Поиск (іздеу) пəрменін басыңыз, одан кейін іздеу жолағын түртіңіз, желі деп теріп жазып, желі жəне ортақ аймақ қызметін таңдаңыз немесе, Windows жұмыс үстелінен, желі таңбасын басып ұстап тұрыңыз, одан кейін Ашық желі жəне ортақ аймақ қызметін түртіңіз. Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату) пəрменін түртіңіз.
mobilebroadband мекенжайы бойынша (тек таңдаулы елдерде/аймақтарда) НР веб-торабынан қараңыз. SIM картасын салу жəне шығару ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты күш салмаңыз. SIM картасын алу немесе салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Планшетке жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 4.
6. Қол жеткізу тесігінің қақпағын жабыңыз. 7. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 8. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 9. Планшетті қосыңыз. GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Планшетте GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері орналасу, жылдамдық жəне бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге жібереді.
4 Түрту қимылдарын пайдаланып шолу Планшет сенсорлы экрандағы сенсорлы қимылдарды түрту арқылы шолу мүмкіндігін ұсынады. Планшетпен бірге жабдықталған Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулық сенсорлы тақта немесе қосымша пернетақта көмегімен орындалатын жалпы тапсырмалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Экрандағы нысанды таңдау үшін оны бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. ЕСКЕРІМ: Элемент туралы ақпаратты қамтамасыз ететін анықтама терезесін ашу үшін нысанды саусақпен басып тұрыңыз. Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет əрекет. ● Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз.
Қысу/созу Қысу жəне созу қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты дисплейде бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз.
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылы шебер түймелерге қатынасуға мүмкіндік береді, бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларды ашу немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды экран бетінде дисплей жақтауының оң жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Сол жақ жиекті жанап өту ашық бағдарламаларды көрсетеді, осылайша оларға тез ауыса аласыз.
Саусақты үстіңгі жəне төменгі жиектерден жылжыту Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту немесе төменгі жиектен жылжыту қимылы планшеттегі қолжетімді қолданбалар тізімін ашуға мүмкіндік береді. 1. Саусағыңызды дисплей жақтауының үстіңгі немесе төменгі жиегінен экранға қарай жайлап сырғытыңыз. 2. Бар болған бағдарламаларды көру үшін Все приложения (Барлық бағдарламалар) пəрменін таңдаңыз. Экрандағы пернетақтаны пайдалану Сізге мəліметтерді деректер жолағына енгізуге қажет болу мүмкін.
Экрандағы пернетақта параметрлерін өзгерту үшін: 1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның оң жақ жиегінен жылжытыңыз да, Параметры (Параметрлер) белгішесін түртіңіз. 2. Изменить параметры PC (РС параметрлерін өзгерту), пəрменін, одан кейін Общие (жалпы) пəрменін түртіңіз. 3.
3. Жаңа батаеряны салыңыз. 4. Қаламды орнына қойып, бекітіңіз. 5. Қаламның шетіндегі түймені басыңыз. 6. Қалам автоматты түрде орнатылғанша екі секунд күтіңіз. ЕСКЕРІМ: Қаламның ұшын осы екі секунд аралығында басу орнату айналымын тоқтатады жəне қаламды орнату үрдісін қайта бастау қажет болдаы. Сандық қалам палншетпен бірге қолданылуға дайын. Экранға мəтін жазу үшін немесе элементтерді таңдау үшін қалам ұшын экранға тигізіңіз.
5 Мультимедиа Планшетте келесі нəрселер болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб-камера(лар) ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Аудио HP планшетінде музыка жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
Планшеттегі дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу) түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз. 2. Іздеу жолағына п əрпін теріп, одан кейін Панель управления (басқару тақтасы) пəрменін түртіңіз. 3. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) пəрмендерін түртіңіз. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойыншасын түртіңіз.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Планшеттің қуат түймешігі болады. Планшеттің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Планшет өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйемен қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, планшетті өшіреді. Планшет ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса жəне сыртқы қуат көзінен ажыратылса, өшіріп қойыңыз. Планшетті қуат түймесі арқылы да өшіруге болады, бірақ Windows өшіру пəрменін қолдану ұсынылады.
Ұйқы режимінен шығу үшін, қуат түймесін басыңыз. Планшет ұйқы күйінен шыққанда, ол жұмыс тоқтатылған экранға оралады. ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде құпия сөз талап етілсе, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады. Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
қосылғанда, батарея зарядталады жəне қуат үзіліп қалған жағдайда жұмысыңызға қауіп төнбейді. Планшет батареясы қуатталған болса жəне сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, планшет айнымалы ток адаптері ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, батарея қуатын автоматты түрде қосады. ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту Батареяның қуат аяқталу уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп қуатсыздану уақыты батареяның сақтау сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады. Батарея жұмысын ұзарту үшін, дисплейдің жарықтығын азайтыңыз. Төмен батарея деңгейлерін басқару Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды.
Батарея қуатын үнемдеу ● Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу) түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз. Іздеу жолағына питание (қуат) сөзін теріп, Параметры (Параметрлер) тармағын, содан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз немесе бөлімін қараңыз. ● Қуат параметрлері арқылы қуат үнемдеу параметрін таңдаңыз. ● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды жəне LAN байланыстарын өшіріңіз.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Сандық сақтау карталарын қолдану Сандық сақтау карталары деректерді қауіпсіз сақтау жəне оларды оңай ортақ пайдалану мүмкіндіктерін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
4. Картаны ішіне қарай басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2). 5. Қол жеткізу тесігінің қақпағын жабыңыз.
8 Қауіпсіздік Планшетті қорғау Windows® амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне HP BIOS параметрлері деректеріңізді жəне жеке параметерлеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
● HP құпиясөз менеджерін қолданып, барлық қолданушы атаулары мен веб-сайттар мен қолданбалар үшін жасалған құпиясөздерді сақтаңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте оларды қауіпсіз оқуыңызға болады. ● Құпия сөздерді планшеттегі файлда сақтамаңыз. Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі жəне олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан планшетке жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан —тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
9 Күтім Планшетті тазалау Тазалау өнімдері Планшетті қауіпсіз түрде тазалау жəне дезинфекциялау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензиль амоний хлоридінің ең көп дегенде 0,3 пайыз концентрациясын (Мысалы: бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш сүркіштер. Бұл сүрткілердің бренд атаулары əртүрлі болады.
ЕСКЕРІМ: Планшеттің жапқышын тазалау кезінде, ластануды жəне қоқымдарды кетіру үшін айналма қозғалыстар жасаңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. SoftPaq жүктеу құралын пайдалану HP SoftPaq жүктеу (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді.
10 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows Backup and Restore бағдарласымен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, қосымша сыртқы флэш драйвын немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз. ● Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Түпнұсқалық қатты диск бейнесін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін: 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Сенсорлы тақтаның оң жақ жиегін сипаңыз, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын басыңыз. к деп жазып, компьютер тармағын түртіңіз. ЕСКЕРІМ: HP қалпына келтіру бөлшегі тізімде болмаса, Қосу құрылғыларының реті туралы 42-бетте бөлімн қараңыз. 3.
Қалпына келтіру функциясын іске қосу үшін: 1. Сенсорлы экранның оң жақ жиегін сипап шебер түймелерді шығарыңыз да, Параметры (Параметрлер) белгішесін түртіңіз. 2. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Изменение параметров компьютера (Компьютер параметрлерін өзгерту) белгішесін басыңыз жəне компьютер параметрлерінің экранында Общие (Жалпы) қойыншасын таңдаңыз. 3. Оң жағын төмен жылжытып, Обновление PC без изменения папок (файлдарды өзгертпей PC жаңалау) арқылы Начало работы (бастау) пəрменін түртіңіз. 4.
11 HP BIOS параметрлері HP BIOS параметрлерін пайдалану HP BIOS параметрлері бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. HP BIOS параметрлері орнатылған құрылғылардың параметрлерін, планшеттің жүктелу ретін жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемін қамтиды. ЕСКЕРІМ: HP BIOS параметрлерін өзгерткенде өте абай болыңыз. Қателер планшеттің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Элемент Сипаттама Батареядағы өшіру қосу немесе өшіру пəрмендерін түртіңіз. Қауіпсіз жүктеу қосу немесе өшіру пəрмендерін түртіңіз. Жүктеу реті Сыртқы пернетақтадағы бағыт жебесін қолданыңыз немесе құрылғыларды жүктеуді ілестіріп реттеңіз. Опциялар планшеттің сыртқы байланыс құрылғысына немесе желіге қосылып тұрғанына байланысты əртүрлі болады. ▲ Осы беттегі өзгерістерді қолдану үшін, Приложение (қолдану) пəрменін түртіңіз, немесе Отменить (болдырмау) пəрменін таңдап, қолданбаны жабыңыз.
12 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз: http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
13 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз планшетті халықаралық сапарға алып шығуды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Планшет айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзінде 100–240 В, 50–60 Гц параметрлері болуы тиіс. Планшет бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
а Планшетті сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Планшетті сапарға шығуға немесе жіберуге дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Сандық карталар сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Планшетке, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін азайту үшін, дискімен бірге жіберу, сақтау немесе сапарға шығу алдында, медианы диск жетегінен алып тастаңыз.
ə Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 6 аудио функциялары, тексеру 25 аудио функцияларын тексеру 25 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 6 ауыстырып қосу, автоайналдыру, анықтау 6 Ə əкімші құпия сөзі 35 Б бағдарламалық құрал антивирус 35 желіаралық қалқан 36 маңызды жаңартулар 36 барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату 43 батарея батареяның төмен деңгейлері 30 зарядсыздану 30 қалған зарядты көрсету 29 қуатты үнемдеу 31 батарея ақпараты, табу 29 батарея қуаты 29 Батареяны тексеру 29 батареяның
параметрлерді қалпына келтіру қадамдар 43 планшет 43 пернелер дыбыс деңгейі 25 планшет, сапарға щығу 48 планшет парамтерлерін реттеу 43 планшетті күту 37 планшетті өшіру 27 планшетті сапарға алып шығу 48 планшетті тазалау 37 С Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру 41 сандық карта қолдауы бар пішімдер 32 салу 32 шығарып алу 32 саусақты оң жақ жиектен жылжыту 21 саусақты сол жақ жиектен жылжыту 21 саусақты үстіңгі жиектен жылжыту 22 сенсорлы экран, пайдалану 18 сенсорлы экранда қысу қимылы 20 сенсорлы экр