User Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Сымсыз жол жоспарлағышы жəне сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын
күйде қолданылады.
●
Корпоративтік немесе жалпы WLAN желісі сияқты кең ауқымды WLAN жүйесі əдетте,
көптеген компьютерлер мен қосалқы құралдарды қамтамасыз етіп, критикалық желі
функцияларын бөле алатын, сымсыз кіру нүктелерін пайдаланады.
●
Үйдегі немесе шағын кеңседегі WLAN жүйесі əдетте бірнеше сымсыз немесе сымды
компьютерлерге Интернет байланысы, принтерді жəне файлдарды аппараттық немесе
бағдарламалық құралдардың қосымша бөліктерін талап етпестен ортақ пайдалануға
мүмкіндік
беретін сымсыз жол жоспарлағышын пайдаланады.
Планшетте WLAN құрылғысын қолдану үшін, WLAN инфрақұрылымына (қызмет провайдері
немесе қоғамдық не біріккен желі арқылы берілген) қосылу қажет.
Интернет провайдерін пайдалану
Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын
орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет
провайдерімен хабарласыңыз. ISP модем параметрлерін реттеуге, сымсыз планшетті модемге
қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен
құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
WLAN желісін орнату
WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет:
●
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып
алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі
●
Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады)
● Сымсыз планшет (3)
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Төменде берілген суретте интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды
компьютерлерді қосуға болады.
WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе
Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу
WLAN желісін орнату бойынша көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе ISP
жеткізушісі берген ақпаратты қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу 13










