User Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Бастапқыда жаңа сымсыз құрылғыны планшетке жабдықталған желілік кабель
арқылы қосу ұсынылады. Планшет Интернетке сəтті қосылғаннан кейін кабельді ажыратып,
Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
WLAN жүйесін қорғау
Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN
жүйесіне кірген кезде, əрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе
кофеханалар жəне əуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз
етпейді. Байланыс орнында планшеттің қауіпсіздігі туралы сенімді болмасаңыз, құпия емес
электрондық пошта хабарын жіберу жəне негізгі Интернетте іздеу сияқты желі əрекеттерімен
шектеліңіз.
Сымсыз
радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары
қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN желісін қорғау үшін, келесі сақтық
шараларын қолданыңыз:
●
Желіаралық қалқанды пайдаланыңыз.
Желіаралық қалқан желіге жіберілген деректерді де, деректер сұраныстарын да тексереді
жəне кез келген күмəнді элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де
біріктіріп пайдаланады.
●
Сымсыз шифрлауды қолданыңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу
үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant
бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау
экранында HP Support Assistant қолданбасын түртіңіз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
2. Бастау экранынан, сенсорлы экранның оң жақ шетінен сипап, шебер түймелерді
шығарыңыз, Параметры (параметрлер) түймешігін түртіңіз, одан кейін желі таңбасын
түртіңіз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін басыңыз.
3. Ұшақ режимі өшірілгенін
тексеріңіз, одан кейін WLAN деп теріп жазыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады. Кодты теріп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер ешқандай сымсыз жергілікті желі таңдалмаса, сымсыз жол
жоспарлағыштың немесе кіру нүктесінің қызмет аймағынан тыс болуыңыз мүмкін.
14 Бап 3 Желіге қосылу










