User Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Егер өзіңізге қажетті WLAN желісі көрінбесе, бастау экранынан сенсорлы
экранның оң жақ шетін сипап, шебер түймелерді шығарып алыңыз, Поиск (іздеу) пəрменін
басыңыз, одан кейін іздеу жолағын түртіңіз, желі деп теріп жазып, желі жəне ортақ аймақ
қызметін таңдаңыз немесе, Windows жұмыс үстелінен, желі таңбасын басып ұстап
тұрыңыз, одан кейін Ашық желі жəне ортақ аймақ қызметін
түртіңіз. Настройка нового
подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату) пəрменін түртіңіз. Желіні
қолмен іздеу жəне оған қосылу немесе жаңа желі байланысын орнатуға мүмкіндік беретін
опциялар тізімі ашылады.
4. Байланыс түймешігін түртіңіз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, көрсеткішті тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге жəне басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге
немесе қабырғалар жəне едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулі планшетке WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN арқылы
Интернетке көбірек орындардан жəне үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді. HP
мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып
табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет
етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен
бірдей.
Мобильді
желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі
жолда немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке
қосылу, электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін
береді.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді:
●
GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына
байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access)
технологиясы.
●
CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты
желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized)
технологиясы.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең
жолақты желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірі планшеттің
артында ойылып жазылған.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында
жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат
қамтылады. Кейбір планшеттерде орнатылған SIM болады. Егер SIM картасы
алдын ала
орнатылмаған болса, ол планшетпен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы
ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны планшеттен бөлек беруі
мүмкін.
SIM картасын салу жəне шығару туралы ақпарат алу үшін, осы тараудың
SIM картасын салу
жəне шығару 16-бетте бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы жəне таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу əдісі туралы мəліметтер алу үшін, планшетке енгізілген НР мобильді кең
жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз. Қосымша ақпаратты
http://www.hp.com/go/
Сымсыз желіге қосылу 15










