User Guide - Windows 8

5 Мультимедиа
Планшетте келесі нəрселер болуы мүмкін:
Кірістірілген динамик(тер)
Кірістірілген динамик(тер)
Кірістірілген веб-камера(лар)
Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Аудио
HP планшетінде музыка жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның
ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты
сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін дыбыс түймелері арқылы реттеуге болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды
киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік
жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін,
Бастау экранындағы HP Support Assistant қолданбасын таңдап, Менің компьютерім, содан
кейін Пайдаланушы нұсқаулықтары тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРІМ: Планшеттегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Планшетпен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Гарнитураны қосу
Сымды құлақаспаптарды планшеттегі құлақаспаптарға арналған ұяға қосуға болады. Жоғарғы
жағы 6-бетте бөлімін қараңыз.
Планшетке сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды
киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Планшеттегі аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Аудио 25