User Guide - Windows 8

Планшеттегі дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу)
түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағына п əрпін теріп, одан кейін Панель управления (басқару тақтасы) пəрменін
түртіңіз.
3. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс
)
пəрмендерін түртіңіз.
Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойыншасын түртіңіз. Программные
события (Бағдарламалар оқиғалары) қызметі арқылы сигнал немесе ескерту дыбысы
сияқты кез келген дыбысты таңдаңыз жəне Проверка (Сынау) түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Планшеттегі жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен экранның
оң жақ жиегінен сипап өтіңіз, Поиск
(Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағына з əрпін жазыңыз, одан кейін Запись звука (Дыбыс жазу) пəрменін
таңдаңыз.
3. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонға сөйлеңіз. Файлды
Windows жұмыс үстеліне сақтаңыз.
4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз.
Планшеттегі аудио параметрлерін құптау немесе
өзгерту үшін
1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу)
түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағынап əрпін теріп, одан кейін Панель управления (басқару тақтасы) пəрменін
түртіңіз.
3. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
пəрмендерін түртіңіз.
Веб-камера
Кейбір палншеттерде орнатылған екі веб-камера болады. Алдын-ала орнатылған
бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камераларды
пайдалануға болады. Фотосуреттерді немесе бейне жазбаны қарап шығуға немесе сақтауға
болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек
алу
Дыбыссыз суретке түсіру
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, бағдарламаның анықтамасын қараңыз.
26 Бап 5 Мультимедиа