User Guide - Windows 8
6 Қуатты басқару
ЕСКЕРІМ: Планшеттің қуат түймешігі болады.
Планшеттің жұмысын аяқтау
ЕСКЕРТУ: Планшет өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады.
Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйемен қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды
жауып, планшетті өшіреді.
Планшет ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса жəне сыртқы қуат көзінен ажыратылса, өшіріп
қойыңыз.
Планшетті қуат түймесі арқылы да өшіруге болады, бірақ Windows өшіру пəрменін қолдану
ұсынылады.
ЕСКЕРІМ: Планшет ұйқылық немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, қуат
түймешігін басып, ұйқылық немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен сенсорлы экранның оң жақ жиегін сиапап өтіңіз,
Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз жəне Питание (Қуат) белгішесін басып,
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін таңдаңыз.
Планшет жауап бермесе жəне жұмысты аяқтау алдындағы қадамдарды пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай қадамдарды көрсетілген ретімен орындап
көріңіз:
●
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Планшетті сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Ұйқы күйі зауытта іске қосылады.
Ұйқы күйі қосылғанда, экран тазаланып, жұмыс жадқа сақталады.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу
Планшет қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып, ұйқы күйін қосуға болады:
●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Шебер түймелерді көрсету мақсатымен сенсорлы экранның оң жақ жиегін сиапап өтіңіз,
Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз жəне Питание (Қуат) белгішесін басып,
Спящий (Ұйқы) күйін таңдаңыз.
Планшеттің жұмысын аяқтау 27










