User Guide - Windows 8
Ұйқы режимінен шығу үшін, қуат түймесін басыңыз.
Планшет ұйқы күйінен шыққанда, ол жұмыс тоқтатылған экранға оралады.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде құпия сөз талап етілсе, жұмысты жалғастыру үшін, Windows
құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне
жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
●
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы
қуат жоспарын экранда көру үшін, қуат көрсеткіші белгішесін түртіңіз.
●
Қуат параметрлерін пайдалану немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткіші
белгішесін басып, тізімнен бір тармақты
таңдаңыз. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен
сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу) түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу
жолағын басыңыз. Іздеу жолағына питание (қуат) сөзін теріп, Параметры (Параметрлер)
тармағын, содан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз немесе
бөлімін қараңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері планшеттің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд
төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Планшетті ұйқы күйінен шыққанда құпия сөз талап етуге реттеу үшін, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу)
түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағына питание (қуат) сөзін теріп, Параметры (Параметрлер) тармағын, содан
кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз немесе бөлімін қараңыз.
3.
Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау)
тармағын таңдаңыз.
4. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін басыңыз.
5. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи
пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия
сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
6. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін басыңыз.
Батарея қуатын пайдалану
Планшет сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты планшет батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады. Планшет АТ көзіне
28 Бап 6 Қуатты басқару










