User Guide - Windows 8
қосылғанда, батарея зарядталады жəне қуат үзіліп қалған жағдайда жұмысыңызға қауіп
төнбейді. Планшет батареясы қуатталған болса жəне сыртқы айнымалы ток қуаты іске
қосылса, планшет айнымалы ток адаптері ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының
берілуі тоқтатылғанда, батарея қуатын автоматты түрде қосады.
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау
үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Қосымша ақпаратты
Сыртқы айнымалы ток
қуаты көзін пайдалану 31-бетте бөлімінен қараңыз.
Зауытта пломбаланған батарея
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support
Assistant (НР қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске
қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР
қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне
өнімділік) пəрменін таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея
тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау қызметімен
хабарласыңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
HP Support Assistant бағдарламасы құралдар жəне батарея туралы ақпаратты қамтамасыз
етеді. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР
қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне
өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
●
Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
●
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару жəне дұрыс
күтім мен сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның
түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
HP Support Assistant компьютерде орнатылған батареяның күйі туралы ақпаратты береді.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін:
1. АТ адаптерін планшетке қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны тексеру дұрыс жүруі үшін, планшет сыртқы қуат көзіне жалғануы
тиіс.
2. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне
өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін
тексереді жəне тексерудің нəтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
▲ Windows жұмыс үстеліндегі хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан қуат өлшемдері белгішесін басыңыз.
Қуат параметрлерін орнату 29










