User Guide - Windows 8
8 Қауіпсіздік
Планшетті қорғау
Windows® амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне HP
BIOS параметрлері деректеріңізді жəне жеке параметерлеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы
мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Планшетті қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпия файлдардың сақтық
көшірмелерін жасап, файлдарды жəне құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұл тарауда сипатталған кейбір функциялар планшетте болмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Планшет Ең жоғарғы дерек қорғау бағдарламасын қолдайды. Егер планшет
жоғалса немесе ұрланса, оның тұрған орнын анықтап, бекітіп тастауға болады жəне жеке
деректерді алыстан құртуға болады. Планшет Интернетке қосылып тұруы тиіс.
Планшет үшін қауіп-қатер Қорғау қызметі
Планшетті рұқсатсыз қолдану HP клиент қауіпсіздік қызметін құпиясөз немесе басқа
растау талаптарымен бірге қолдану
HP BIOS параметрлеріне жəне басқа жүйені анықтау
ақпаратына рұқсатсыз кіру
HP BIOS параметрлеріндегі BIOS əкімшілік құпиясөзі
Рұқсатсыз қосымша сыртқы флэш драйвынан бастау HP BIOS параметрлеріндегі жүйені бастау функциясы
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
Windows пайдаланушы құпия сөзі
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану ● HP драйвын шифрлау бағдарламасы
●
Windows қорғағышы
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — планшет ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия
сөздер Windows жүйесінде немесе планшетте алдын ала орнатылған HP BIOS
параметрлерінде орнатылады.
●
Орнату құпия сөзі HP BIOS параметрлерінде орнатылады жəне BIOS бағдарламасы
арқылы басқарылады.
●
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін
келесі кеңестерді орындаңыз.
●
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
● Бір құпяисөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз жəне Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен вебсайттар үшін қолданбаңыз.
34 Бап 8 Қауіпсіздік










