User Guide - Windows 8

HP құпиясөз менеджерін қолданып, барлық қолданушы атаулары мен веб-сайттар мен
қолданбалар үшін жасалған құпиясөздерді сақтаңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте
оларды қауіпсіз оқуыңызға болады.
Құпия сөздерді планшеттегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі жəне
олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны
қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Windows əкімші құпиясөзін тағайындау BIOS
əкімші құпиясөзін тағайындамайды.
Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк
жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
*Windows əкімші құпия сөзі немесе Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы ақпарат алу үшін,
HP Support Assistant бөлімін қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP
Support Assistant
қолданбасын түртіңіз.
HP BIOS параметрлерінде құпиясөз тағайындау
Құпия сөз Қызмет
BIOS əкімші құпия сөзі* HP BIOS парамтерлеріне кіруді шектейді.
*HP BIOS параметрлерінде құпиясөз тағайындау туралы ақпаратты
BIOS құпия сөзі 45-бетте бөлімінен қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
Планшетті электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол
компьютер вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені,
бағдарламаларды немесе утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне əкелуі
мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, жəне көбінесе олардың
келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымда қорғауды
қамтамасыз ету үшін
вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыру керек.
Құрамында антивирус функциясы бар Windows Defender планшетте орнатылған. Планшетті
қорғау үшін өз таңдауыңыз бойынша вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануға кеңес беріледі.
Вирустар туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP
Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant
қолданбасын түртіңіз.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану 35