User Guide - Windows 8
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан планшетке жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе
аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқан —тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық
қалқандар —DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Windows Defender планшетіңізде орнатылған.
ЕСКЕРІМ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның
параметрлерін қайта реттеңіз. Мəселені уақытша шешу үшін, желіаралық қалқанды уақытша
өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды қайта қосыңыз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Планшетті
қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметерлерді өзгерту үшін,
бастау экранынан, экранның оң жақ шетін сипаңыз, Поиск (іздеу) функциясын түртіңіз, одан
кейін іздеу жолағын түртіңіз. п деп жазып, Панель управления (басқару панелі) қызметін
түртіңіз. Система и безопасность (жүйе жəне қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз, Windows
обновления (Windows жаңартулары) бөлімін, Изменить параметры (параметрлерді өзгерту)
бөлімін түртіңіз,
одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Client Security қызметін қолдану
HP Client Security бағдарламасы планшетте алдын ала орнатылған. Бұл бағдарламаны бастау
экранындағы HP Client Security арқылы, Windows жұмыс үстелінен хабарландыру аймағындағы
тапсырмалар жинағындағы оң жақ таңба арқылы жəне Windows басқару панелі арқылы ашуға
болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге
рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының
анықтамасынан қараңыз.
36 Бап 8 Қауіпсіздік










