User Guide - Windows 8

Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
SoftPaq жүктеу құралын пайдалану
HP SoftPaq жүктеу (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq
нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы SoftPaq
файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады.
SoftPaq жүктеу құралы HP FTP веб-сайтында орналасқан компьютер үлгісі мен SoftPaq
ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді. SoftPaq жүектеу құралы жүктеуге болатын
SoftPaq файлын анықтау үшін бір немесе бірнеше компьютер
үлгісін көрсетуге мүмкіндік
береді.
SoftPaq жүктеу құралы HP FTP веб-сайтында дерекқор немесе бағдарламалық құралдың
жаңартулары бар-жоқтығын тексереді. Егер жаңартулар табылған болса, олар жүктеліп,
автоматты түрде қолданылады.
SoftPaq жүктеу құралын HP веб-сайтынан жүктеп алуға болады. SoftPaq жүктеу құралын
SoftPaq файлдарын жүктеуге пайдалану үшін, алдымен бағдарламаны жүктеп орнатуыңыз
керек.
http://www.hp.com/go/sdm мекенжайы бойынша HP веб-сайтынан SoftPaq жүктеу
бағдарламалық құралын жүктеу жəне орнату нұсқауларын орындаңыз.
SoftPaq файлдарын жүктеп алу үшін
1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сипап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу)
түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағына softpaq сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен HP SoftPaq
жүктеу құралы тармағын таңдаңыз. SoftPaq бағдарламасын жүктеу
үшін нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясы сұрақ қойса, Иə түймешігін басыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 39