User Guide - Windows 8
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
●
Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран
суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы
мүмкін.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын планшеттің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшемі мен планшет жылдамдығына
байланысты бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін.
1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сипап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу)
түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағына восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, параметрлер тармағын
басыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен таңдаңыз.
3. Экрандық нұсқауларды орындап сақтық көшірме параметрлерін орнатыңыз, жүйе бейнесін
жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені жөндеу дискісін
жасаңыз (тек таңдаулы
үлгілерде).
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе жұмыс істемесе немесе тұрақсыз болса, бұрын сақтық көшірмесі жасалған деректерді
қалпына келтіру үшін Windows қалпына келтіру функциясын қолдануға болады. Сенсорлы
экранның оң жақ шетінен сипап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу) түймешігін
түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз. Іздеу жолағына Восстановление (қалпына
келтіру) деп жазып, Параметры (параметрлер) тармағын басыңыз, одан кейін көрсетілген
тізімінен таңдаңыз:
ЕСКЕРІМ: Егер планшет қосылмаса (бастау) жəне бұрын жасалған (кейбір үлгілерде ғана)
жүйені қалпына келтіру медиасын қолдану мүмкін болмаса, қолдау көрсету орталығына
хабарласаңыз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта
пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен планшетке орнатылған барлық бағдарламалық
құралдар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық
жүйені, драйверлерді, Windows жаңартуларын жəне тіл пакеттерін қайта орнатады. Барлық
басқа қолданбаларды HP.com мекен-жайынан немесе Windows Store вебсайтынан жүктеп алу
қажет.
ЕСКЕРІМ: Ол үшін үшін сыртқы пернетақта, тінтуір жəне сыртқы флэш карта қажет болады.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 41










