User Guide - Windows 8
Түпнұсқалық қатты диск бейнесін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Сенсорлы тақтаның оң жақ
жиегін сипаңыз, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын басыңыз. к деп жазып,
компьютер тармағын түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: HP қалпына келтіру бөлшегі тізімде болмаса, Қосу құрылғыларының реті
туралы 42-бетте бөлімн қараңыз.
3. Егер HP қалпына келтіру бөлшегі тізімде болса, планшетті өшіріңіз.
4. Дыбысын азайту түймесі мен қуат түймесін бірге басып тұрыңыз, планшет қосылып,
Бастау мəзірі көрсетіледі.
5. F11 HP Recovery (HP қалпына келтіру) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Қосу құрылғыларының реті туралы
Қосу ретін өзгертіп, сыртқы құрылғы арқылы қосу мүмкіндігін қолданыңыз:
ЕСКЕРІМ: Оны орындау үшін сыртқы флэш драйв қажет.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Планшетті өшіріңіз.
3. Сыртық флэш драйвты жалғаңыз.
4. Дыбысын азайту түймесі мен қуат түймесін бірге басып тұрыңыз, планшет қосылып,
Бастау мəзірі көрсетіледі.
5. F9 Boot Options (қосу опциялары) пəрменін түртіңіз.
6. Бастау құралы ретінде сыртқы флэш драйвын таңдаңыз.
7. Планшетті қайта бастаңыз.
Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына
келтіру үшін пайдалану
Планшет дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет
болғанда, Windows жүйесінің жаңалау функциясы маңызды ақпаратты сақтап, қайта бастау
мүмкіндігін береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қалпына келтіру функциясы зауытта жүйеге бастапқыда
орнатылмаған кез келген стандартты бағдарламаларды жояды.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру функциясын пайдалану кезінде, жойылған стандартты
бағдарламалар тізімі сақталады жəне сізге қажет болуы мүмкін қолданбаларды оңай қайта
орнатуға мүмкіндік беріледі. Əдеттегі қолданбаларды қайта орнату туралы нұсқауларды HP
Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу
үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану барысында рұқсат немесе құпия сөз
сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
42 Бап 10 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру










