User Guide - Windows 8
11 HP BIOS параметрлері
HP BIOS параметрлерін пайдалану
HP BIOS параметрлері бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері,
монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. HP BIOS
параметрлері орнатылған құрылғылардың параметрлерін, планшеттің жүктелу ретін жəне жүйе
мен кеңейтілген жадтың көлемін қамтиды.
ЕСКЕРІМ: HP BIOS параметрлерін өзгерткенде өте абай болыңыз. Қателер планшеттің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
HP BIOS параметрлерін қосу
HP BIOS параметрлерін бастау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Сенсорлы тақтаның оң жақ жиегін сипаңыз, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын
басыңыз.
2. Іздеу жолағына п деп теріп, Панель управления (басқару панелі) белгісін түртіңіз, одан
кейін Система и безопасность (жүйе жəне қауіпсіздік) қызметін түртіңіз, төмен
жылжытыңыз да, HP BIOS Settings функциясын түртіңіз.
3. Егер BIOS құпиясөзі тағайындалса, өзгерту
үшін BIOS құпиясөзін енгізіңіз де, Завершить
(аяқтау) пəрменін түртіңіз.
4. Жүйе параметрлерін оқу-үшін-ғана режимінде шолу үшін, Отменить (болдырмау)
пəрменін түртіңіз.
Ақпаратты шолу
Планшет туралы, өнім туралы, процессор, жад, BIOS, жүйе тақтасы, кепіл мерзімі жəне
сериялық нөмірі туралы ақпарат көрсетіледі.
BIOS параметрлері
Жүктеу опциялары
Егер BIOS əкімшілігі құпиясөзін дұрыс енгізсеңіз, келесі параметрлерді өзгертуге болады:
Элемент Сипаттама
Ethernet жүктеу қосу немесе өшіру пəрмендерін түртіңіз.
USB құралын жүктеу қосу немесе өшіру пəрмендерін түртіңіз.
▲
Осы беттегі өзгерістерді қолдану үшін, Приложение (қолдану) пəрменін түртіңіз, немесе
Отменить (болдырмау) пəрменін таңдап, қолданбаны жабыңыз.
Құрылғы конфигурациясы
Егер BIOS əкімшілігі құпиясөзін дұрыс енгізсеңіз, келесі параметрлерді өзгертуге болады:
44 Бап 11 HP BIOS параметрлері










