User Guide - Windows 8
ə Электростатикалық разряд
Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының
соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу.
Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр
қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін. Планшетке зақым келтіруді
болдырмау үшін, диск жетегіне зақым келтіруді немесе ақпараттың жоғалуын азайту
үшін,
келесі сақтық шараларын сақтаңыз:
●
Егер алып тастау немесе орнату нұсқауларында планшетті қуат көзінен ажырату
ұсынылса, жерге дұрыс тұйықталғаннан кейін жəне қақпақты алмас бұрын құрылғыны қуат
көзінен ажыратыңыз.
● Бөліктерді орнатуға дайын болғанша электростатикалық қауіпсіз орамада ұстаңыз.
● Істікшелерге, электр ұштарға жəне схемаларға тиіп кетуден сақ болыңыз. Электрондық
бөліктерді мүмкіндігінше аз ұстаңыз.
●
Магниттік емес құралдарды пайдаланыңыз.
● Бөліктерді қолданбас бұрын оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу арқылы
статикалық электр қуатын төмендетіңіз.
●
Бөліктерді шығарып алғаннан кейін оларды электростатикалық қауіпсіз орамаға салыңыз.
Егер сізге статикалық электр қуаты туралы немесе бөліктерді алу жəне орнату туралы қосымша
ақпарат қажет болса, HP қолдау қызметіне хабарласыңыз.
49










