Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP t510 жұқа клиент
© Copyright 2010 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Бұл құжаттағы мəліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Microsoft жəне Windows – АҚШ-тағы Microsoft корпорациясының жəне басқа елдердегі сауда белгілері. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нəрсе кепілдік деп қаралмайды. HP компаниясы осы жерде кездескен техникалық немесе өңдеу қателері не жетіспеушіліктері үшін жауапты болмайды.
Осы кітап туралы АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРІМ: Осылай жіберілген мəтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ............................................................................................................. 1 Стандартты мүмкіндіктер ....................................................................................................... 1 Алдыңғы панель құрамдас бөлшектері ................................................................................... 1 Маңызды бөлшектері .....................................................................................................
Қосымша б Жұқа клиентті орнату ......................................................................................... 22 HP Quick Release ................................................................................................................... 22 Қолдау көрсетілетін орнату опциялары ................................................................. 24 Қолдау көрсетілмеген орнату опциясы .................................................................. 26 Қосымша в Жұқа клиент жұмысы ...........
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты мүмкіндіктер HP жұқа клиентін сатып алғаныңыз үшін рақмет. Жұқа клиенттің пайдасын бірнеше жыл көресіз деп үміттенеміз. Біздің мақсатымыз − күтілетін қуат пен сенімділікпен қолдану мен басқару оңай жүлделі клиенттерді ұсыну. Келесі бөлімде жұқа клиенттің мүмкіндіктері сипатталады. Үлгілерде орнатылған құрылғылар мен компьютерлік бағдарламалардың толық тізімін жəне өзіңізге қажетті жұқа клиент үлгісін http://www.hp.com сайтынан қараңыз.
(2) Қуат түймесі (5) Құлақаспап дыбыс қосқышы (3) Флэш драйв əрекетінің жарығы (6) USB ұялары (2) Маңызды бөлшектері Қосымша ақпарат алу үшін http://www.hp.com жəне белгілі бір модельдің QuickSpecs табу үшін белгілі бір жұқа клиент моделін іздеңіз. Қауіпсіз USB бөлігінде екі USB құралын қауіпсіз орында қолдану мүмкіндігін бар.
(2) Қауіпсіз USB бөлшектерінің порттары (2) (3) USB кабелін қолдану функциялары Артқы панель құрамдас бөлшектері Қосымша ақпарат алу үшін http://www.hp.com жəне белгілі бір модельдің QuickSpecs табу үшін белгілі бір жұқа клиент моделін іздеңіз.
Антеннаны орнату (сымсыз үлгілері) ▲ Жұқа клиенттің артқы жағындағы орнына антеннаны бұрап орнатыңыз. Cурет 1-5 Антеннаны орнату ЕСКЕРТУ: Антенна тұғырын бүлдіріп алмас үшін, антеннаны қатты бұрамаңыз. Резеңке табанын орнату Жұқа клиентті көлденеңінен қолдануыңызға болады. Құрылғының сол жақ бұрыштарына жабысқақ резеңке табандарын кигізуге болады. Резеңке табандар құрылғыны орнында берік ұстауға арналған.
2. Табандарды тесіктерге тақап, мықтап басыңыз. Cурет 1-6 Резеңке табанын орнату Тұғырды орнату Егер құрылғыны тік бағытында қолдану қажет болса, тұғырын орнатыңыз. Тұғырды орнату: 1. Құралды төңкеріңіз. 2. Тұғырдың жалпақ жағын құрылғының алдына қаратып қойыңыз. Тұғырдағы қойындыларды құрылғының астындағы саңылауларға дəлдеңіз. 3. Қойындыларды саңылауларға енгізіңіз (1) жəне тұғырды құрылғының алдына қарай орнына сырт етіп түскенше сырғытыңыз (2).
Тұғырды шешу Тұғырды шешу: 1. Құралды төңкеріңіз. 2. Қойындыны басыңыз (1) да, тұғырды құрылғының артына қарай сырғытып апарып, жоғары қарай көтеріп шешіп алыңыз (2). Cурет 1-8 Тұғырды шешу Қуат сымын ұстау ұясын пайдалану Кездейсоқ ажыратылуын болдырмау үшін қуат сымының тұйығын қуат сымын ұстау ұясына қарай басыңыз.
Пернетақтаны пайдалану Cурет 1-10 Пернетақта мүмкіндіктері (1) Caps Lock пернесі Caps Lock мүмкіндігін іске қосады/ажыратады. (2) Scroll Lock пернесі Scroll Lock мүмкіндігін іске қосады/ажыратады. (3) Num Lock пернесі Num Lock мүмкіндігін іске қосады/ажыратады. (4) Ctrl пернесі Басқа пернемен бір тіркесімде пайдаланыңыз; функциясы пайдаланылатын бағдарламалық жасақтамаға байланысты. (5) Windows лого пернесі12 Бастау мəзірін Microsoft® Windows® жүйесінде ашады.
Windows ені пернесі + Tab Ашық элементтер арасында ауысу. Windows ені пернесі + e Менің компьютерім белгішесін ашу. Windows ені пернесі + f Файл немесе қалта іздеу. Windows ені пернесі + Ctrl + f Компьютерлерді іздеу. Windows ені пернесі + m Барлық терезелерді қайыру. Windows ені пернесі + Shift + m Бəрін қайыруды болдырмау. Windows ені пернесі + Break Жүйе сипаттары тілқатысу терезесін көрсету. Windows лого пернесі + r Іске қосу тілқатысу терезесін ашу.
Сериялық нөмір орны Əрбір жұқа клиентте төмендегі суретте көрсетілгендей жерде орналасқан бірегей сериялық нөмірі болады. HP тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан көмек алу үшін қоңырау шалған кезде, осы нөмірді дайындап отырыңыз.
2 Құрылғы өзгерістері Жалпы құрылғы орнату қадамдары Жұқа клиент жабдығының құрамдас бөлшектерін дұрыс орнатуды қамтамасыз ету: 1. Егер қажет болса, деректерді сақтық көшірмелеңіз. 2. Егер жұқа клиент қосылған болса: а. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. ə. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. б. Антенна немесе кабель бекітпесі сияқты сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
8. Бүйірлік қатынас тақтасын жəне метал бүйірлік қақпақты орнына салыңыз. Бүйірлік қатынас тақтасын жəне метал бүйірлік қақпақты шешу жəне ауыстыру 13-бетте тармағын қараңыз. 9. Қауіпсіз USB бөлігінің қақпағын ауыстырыңыз. Қауіпсіз USB бөлігінің қақпағын алу немесе ауыстыру 11-бетте тармағын қараңыз. 10. Сыртқы құрылғыларды жəне қуат сымдарын қайта қосыңыз. 11. Мониторды, жұқа клиентті жəне тексерілетін құрылғыларды қосыңыз. 12. Қажетті драйверлерді жүктеңіз.
2. Бөліктің қақпағын ,6 cм (1/4 дюйи) құрылғының алдына қарай итеріп (2), құрылғыдан көтеріп алыңыз (3). Cурет 2-1 Қауіпсіз USB бөлігінің қақпағын алу Қауіпсіз USB бөлігінің қақпағын ауыстыру Қауіпсіз USB бөлігінің қақпағын ауыстыру үшін: 1. Қақпақты құрылғының үстіне құрылғының алдынан 0,6 cм (1/4 дюйм) аралықта жəне қақпақтың тетіктерін шассидің саңылауларына дəлдеп қойыңыз (1). 2. Қақпақты құрылғыныңы артына қарай қақпақ шассимен теңескенше сырғытыңыз (2). 3. Бұрандаларын ауыстырыңыз (3).
Бүйірлік қатынас тақтасын жəне метал бүйірлік қақпақты шешу жəне ауыстыру Бүйірлік қатынас тақтасын жəне метал бүйірлік қақпақты шешу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Бүйірлік қатынас тақтасын шешпес бұрын, жұқа клиенттің өшіріліп, қуат сымының электр розеткасынан ажыратылғанын тексеріңіз. Қатынас тақтасын алу: 1. Қауіпсіз бөлігінің қақпағын алыңыз (1). Толығырақ ақпарат үшін, қараңыз: Қауіпсіз USB бөлігінің қақпағын алу 11-бетте. 2. Егер тұғыр орнатылған болса, оны шешіңіз.
2. Метал қақпақтың артқы жағын алдымен көтеріп, корпустан алшақтатыңыз (2). Cурет 2-4 Метал бүйірлік қақпақты шешу Метал бүйірлік қақпағы мен бүйірлік қатынас тақтасын ауыстыру Метал бүйірлік қақпақты ауыстыру: 1. Метал бүйірлік қақпағының алдыңғы шетін шассидің тетігінің астына кіргізіңіз, алдыңғы шетін төмендетіңіз де метал бүйірлік қақпағын төмен қарай орнына басып салыңыз (1). 2. Төрт бұранданы енгізіп, қатайтыңыз (2). Cурет 2-5 Метал бүйірлік қақпақты орнына салу Қатынас тақтасын орнына салу: 1.
2. Қатынас тақтасын құрылғының төменгі жағына қарай шассидің төменгі жағына теңелгенше сырғытыңыз (2). 3. Қауіпсіз бөлігінің қақпағын ауыстырыңыз. Толығырақ ақпарат үшін, қараңыз: Қауіпсіз USB бөлігінің қақпағын ауыстыру 12-бетте. Жұқа клиент опцияларын орнату Жұқа клиентте түрлі параметрлерді орнатуға болады.
▲ USB қауіпсіз бөлігінің USB портына USB құралын енгізіңіз. USB қауіпсіз бөлігіндегі порттардың орнын келесі суреттерден көріңіз. Cурет 2-6 USB қауіпсіз бөлігіндегі USB порттары Егер USB тінтуірін жəне USB пернетақтасын қауіпсіз USB бөлігінде орнатсаңыз, кабелдерді айнала жүргізіп, қысқаштардан өткізіңіз де, келесі суретте көрсетілгендей қауіпсіз кабель тарту саңылауынан өткізіңіз.
2. Батареяны ұяшығынан босату үшін, батареяның бір шетінен шығып тұрған метал тетігін құрылғының артына қарай итеріңіз де (1), батареяны шығарып алыңыз (2). ЕСКЕРІМ: Метал тетігін майыстырып аламаңыз. Cурет 2-8 Ішкі батареяны шығару жəне орнына салу 3. Жаңа батарея салу үшін, ауыстыратын батареяны жағымды жағын құрылғының артқы жағына қаратып дəлдеңіз. Қысқыш батарея шетін ілгенше батареяны саңылауға төмен сырғытыңыз.
Қосымша флэш жад модулін орнату Орнату үрдісін бастау алдында жабдық орнату немесе ауыстыру алдында жəне кейін орындалуы қажет іс рəсімдерін Жалпы құрылғы орнату қадамдары 10-бетте ішінде қарап шығыңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жүйе тақтасына қатынасу үшін сол жақ бүйірлік тақтаны шешу керек. Бүйірлік қатынас тақтасын шешпес бұрын, жұқа клиенттің өшіріліп, қуат сымының электр розеткасынан ажыратылғанын тексеріңіз. ЕСКЕРТУ: Статикалық қуат компьютердің электрлік бөлшектерін немесе қосымша карталарды бүлдіруі мүмкін.
а Техникалық сипаттамалар Кесте а-1 HP t510 жұқа клиент Өлшемдер Ені 58,42 мм 2,3 дюйм Биіктігі (тұғырсыз) 209,55 мм 8,25 дюйм Биіктігі (тұғырымен) 219,70 мм 8,65 кг Тереңдігі 215,90 мм 8,50 дюйм Шамаланған салмағы 1,36 кг 3,00 фунт 10° - 40° C 50° - 104° F -30° - 60° C -22° - 140° F Температура ауқымы (желдеткішсіз жасақтамасы)* Жұмыс істегенде** (ең жоғарғы ауысу ауқымы – сағатына 10° C немесе сағатына 18° F) Жұмыс істемегенде (ең жоғарғы ауысу ауқымы – сағатына 20° C немесе сағатына 3
Кесте а-1 HP t510 жұқа клиент (жалғасы) Қуат көзі 20 Жұмыс кернеуінің аумағы 100–240 В айнымалы ток 100–240 В айнымалы ток Негізгі желі жиілігі 50–60 Гц 50–60 Гц Қуат шығысы (ең көп) 65 Вт 65 Вт Негізгі шығыс тогы (ең көп) 3,42 A 3,42 A Шығыс кернеуі +19 В тұрақты ток +19 В тұрақты ток Қосымша а Техникалық сипаттамалар
ə Қауіпсіздік талаптары Жұқа клиентті бекіту Бұл жұқа клиенттер сақтандыру кабель бекітпесін қабылдауға арналған. Бұл кабель бекітпесі жұқа клиентті рұқсатсыз шешуді, əрі қауіпсіз бөлімін құлыптауды болдырмайды. Бұл опцияға тапсырыс беру үшін жəне өзіңізге қажетті жұқа клиент үлгісін іздеу үшін HP http://www.hp.com вебсайтын қараңыз. 1. Артқы тақтадағы кабель бекітпесі саңылауын табыңыз. 2. Кабель бекітпесін саңылауға кірістіріп, оны құлыптау үшін кілтті пайдаланыңыз.
б Жұқа клиентті орнату HP Quick Release Бұл жұқа клиенттің бекітілетін төрт тесігі болады. Осы орнату тесіктері VESA (Бейне электронды құрылғыларының стандарттарының бірлестігі) стандартына сай, ол жалпақ панельді мониторлар, жалпақ дисплейлер жəне жалпақ теледидарлар сияқты жалпақ дисплейлерді (FDs) өнеркəсіптік стандартқа сай орнатуға мүмкіндік береді. HP Quick Release жұқа клиентті түрлі бағытта орнатуға мүмкіндік беретін VESA стандартындағы орнату нүктелеріне қосады.
HP Quick Release функциясын қолдану үшін: 1. Орнату құрылғысының жинағына қосылған төрт 15 мм бұранданы пайдаланыңыз, HP Quick Release бір жағын төмендегі суретте көрсетілгендей жұқа клиентке тіркеңіз. Cурет б-2 HP Quick Release жұқа клиентке қосу 2. Орнату құрылғысының жинағына қосылған төрт бұранданы пайдаланыңыз, HP Quick Release бір жағын жұқа клиент орнатылатын құрылғыға тіркеңіз. Тетік нүктелерін жоғары қарай босату керек.
3. Жұқа клиентке тіркелген орнату құрылғысының бір жағын (1) жұқа клиент орнатылатын құрылғыда (2) орнату құрылғысының екінші жағының үстімен сырғытыңыз. «Шерту» дыбысы қауіпсіз қосылымды білдіреді. Cурет б-4 Жұқа клиентті қосу ЕСКЕРІМ: Тіркелген кезде HP Quick Release автоматты түрде күйіне құлыпталады. Жұқа клиентті шешу үшін тетікті бір жағына сырғыту ғана қажет.
Cурет б-6 Монитор тұғырының артына орнатылған жұқа клиент Cурет б-7 Қабырғаға орнатылған жұқа клиент Cурет б-8 Үстелдің астына орнатылған жұқа клиент HP Quick Release 25
Қолдау көрсетілмеген орнату опциясы ЕСКЕРТУ: Жұқа клиентті қолдау көрсетілмеген əдіспен орнату нəтижесінде HP Quick Release функциясына, жұқа клиентке жəне/немесе басқа құралға зақым келуі мүмкін. Жұқа клиентті жалпақ монитор тұғырына, панель мен тұғыр ортасына орнатпаңыз.
в Жұқа клиент жұмысы Қалыпты жұқа клиент күтімі Жұқа клиентке дұрыс күтім жасау үшін мына ақпаратты пайдаланыңыз: ● Сыртқы тақтасы шешілген жұқа клиентті мүлдем пайдаланбаңыз. ● Жұқа клиентті өте ылғалды, күннің көзі тікелей түсетін жəне өте ыстық пен салқын жерден аулақ ұстаңыз. Жұқа клиент үшін кеңес етілген температура жəне ылғалдылық ауқымдары туралы ақпаратты Техникалық сипаттамалар 19-бетте бөлімінде қараңыз. ● Жұқа клиенттен жəне пернетақтадан сұйықтықтарды алшақ ұстаңыз.
Cурет в-2 Резеңке табандары арқылы көлденеңінен қолдану Cурет в-3 Кем дегенде бір дюйм бос орны бар монитор асты тұғыры Қолдау көрсетілмейтін бағыт HP компаниясы жұқа клиент үшін төмендегі бағытты қолдамайды. ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттерді қолдау көрсетілмейтін орынға қою нəтижесінде жұмыс ақаулығы орын алуы жəне/немесе құрылғылардың зақымдануы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттер жұмыс температурасын сақтау үшін дұрыс желдетілуді талап етеді. Тесіктерді бітемеңіз.
Cурет в-4 Жұқа клиенттерді тартпаларға немесе басқа нығыздалған қуыстарға орналастырмаңыз Cурет в-5 Мониторды жұқа клиент үстіне қоймаңыз Қолдау көрсетілмейтін бағыт 29
г Электростатикалық тоқ Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электростатикалық зақымның алдын алу Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау жəне тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
ғ Жеткізіп беру туралы ақпарат Жіберу дайындықтары Жұқа клиентті жеткізіп беруге дайындау барысында мына ұсыныстарды орындаңыз: 1. Жұқа клиентті жəне сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 2. Қуат сымын алдымен розеткадан, кейін жұқа клиенттен ажыратыңыз. 3. Жүйе құрамдас бөлшектерін жəне сыртқы құрылғыларды, кейін жұқа клиентті қуат көздерінен ажыратыңыз. 4. Жүйе компоненттері мен сыртқы құрылғыларды қорғау үшін, оларды өз қораптарына немесе оларға ұқсас орам материалдары жеткілікті қораптарға салыңыз.
Индекс А алдыңғы панель құрамдас бөлшектері 1 алу батарея 16 бүйірлік қатынас тақтасы 13 қауіпсіз USB бөлігінің қақпағы 11 метал бүйірлік қақпақ 13 тұғыр 6 алынбалы панель алу 13 орнына салу 14 артқы панель құрамдас бөлшектері 3 Б бағыт көлденең 4 тік 5 батарея, орнына салу 16 бекітпе, кабель, ұяшық орны биіктігінің техникалық сипаттары 19 бөлшектері маңызды 2 бүйірлік қақпақ алу 13 орнына салу 14 бүйірлік қатынас тақтасы алу 13 орнына салу 14 В Вебсайттар HP 1 параметрлер 1 Д дискет драйвтары 18 32 Индек
желдетілу 28 жұқа клиент бағыты 27, 28 жұқа клиентті орнату 26 орта температурасы 11 статикалық электр қуаты 10 негізгі шығыс тогы 20 О орнату aнтенна 4 HP Quick Release 22 MultiBay дискета драйвы 18 SATA флэш жад модулі 18 USB құралдары 1, 11, 15 жабдық 10 жұқа клиентті HP Quick Release ішіне 22 кабель бекітпесі 21 резеңке табан 4 сыртқы дискіенгізгілер 18 тұғыр 5 флэш жад модулі 18 орнату параметрлері жазық қабырға панелі бар 24 қабырғада 24 монитор тұғырының артында 24 үстел астында 24 орнату тізбегі 10