HP Laptop Help Guide
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру
Сымсыз құрылғыларды сымсыз байланыс түймешігімен немесе HP Connection Manager
құралымен (таңдаулы үлгілерде ғана болады) қосуға немесе өшіруге болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің пернетақтасында сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс
қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі болуы мүмкін. «Сымсыз байланыс түймешігі»
термині осы нұсқаулықта сымсыз байланысты басқару элементтерінің барлық түрлерін
білдіреді. Сымсыз байланыс түймешігінің компьютердегі орнын анықтау туралы ақпаратты
Алғашқы жұмыс нұсқаулығынан қараңыз.
HP Connection Manager құралының көмегімен сымсыз байланыс құрылғыларын өшіру үшін
▲
Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы HP
Connection Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының
жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и
средства (Өнімділік жəне құралдар) > HP Connection Manager тармағын, одан кейін
керекті құрылғының жанындағы
қуат түймешігін басыңыз.
HP Connection Manager пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Connection Manager құралы сымсыз байланыс құрылғыларын басқарудың орталығын, HP
мобильді байланыстың кең жолақты желісі арқылы Интернетке жалғанудың интерфейсін,
сондай-ақ SMS (мəтінді) хабарлар жіберудің интерфейсін қамтамасыз етеді. HP Connection
Manager бағдарламасы төмендегі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN)/Wi-Fi;
●
Сымсыз ғаламдық желі (WWAN)/HP мобильді байланыстың кең жолақты желісі;
● Bluetooth®
HP Connection Manager құралы байланыс күйі, қуат күйі, SIM мəліметтері жəне SMS
хабарлары
жайында ақпарат жəне хабарландыру береді. Күй ақпараты мен хабарландырулар
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағында беріледі.
HP Connection Manager құралын ашу үшін
▲
Тапсырмалар тақтасындағы HP Connection Manager белгішесін басыңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и
средства (Өнімділік жəне құралдар) > HP Connection Manager тармақтарын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, HP Connection Manager бағдарламалық құралының
анықтамасын
қараңыз.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға,
сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік
береді.
Сымсыз қосылысты жасау 5