HP Laptop Help Guide
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Аксессуары (Керек-
жарақтар) > Служебные (Жүйелік құралдар) > Очистка диска (Дискіні тазалау)
тармақтарын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне
дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
●
Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде
жылжытасыз.
Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРІМ: Қатты күйдегі диск жетектерінің (SSD) қозғалмалы бөлшектері болмағандықтан, HP
3D DriveGuard қажет емес.
ЕСКЕРІМ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D
DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғыларына орнатылған немесе USB
порттарына қосылған қатты дискілер HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша қатты диск
ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын көрсету үшін
түсті өзгертеді. Дискілердің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз
позицияға орнатылғанын анықтау үшін, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы белгішені басыңыз.
●
Бағдарламалық құрал қосылған жағдайда, қатты диск
белгішесінің үстінен баттасып жасыл
құсбелгі шығады.
●
Бағдарламалық құрал өшірілген болса, қатты диск белгішесінің үстіне қызыл түсті Х белгісі
қойылады.
●
Дискілер қауіпсіз орналастырылғанда, қатты диск белгішесінің үстіне сары ай белгісі
қойылады.
50 Бап 6 Дискілер