HP Laptop Help Guide
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда
басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізудің 3 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып,
əрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін басқару
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде
берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc
пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
DriveLock Password (DriveLock құпия сөзі) тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
4. Таңдалған дискіге DriveLock қорғау мүмкіндігінің қолданылуын растау үшін, DriveLock
сөзін растау өрісінде теріңіз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: DriveLock қорғау мүмкіндігін растау кезінде регистрді ескеру қажет.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Computer Setup құралының автоматты DriveLock
құпия сөзін пайдалану
Компьютерді бірнеше пайдаланушы қолданған кезде, автоматты DriveLock құпия сөзін орнатуға
болады. Автоматты DriveLock құпия сөзі орнатылғаннан кейін, кездейсоқ пайдаланушы құпия
сөзі мен DriveLock басты құпия сөзі жасалады. Пайдаланушы құпия сөздің дұрыс деректерін
енгізген кезде, бұл кездейсоқ пайдаланушы мен DriveLock басты құпия сөзі дискінің бұғаттауын
алу үшін пайдаланылатын болады.
ЕСКЕРІМ: Автоматты DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS əкімші құпия
сөзі сізде болуы тиіс.
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу
Computer Setup утилитасында Автоматты DriveLock құпия сөзі мүмкіндігін қосу үшін төменде
берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock құпия сөзі) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін
enter пернесін басыңыз.
62 Бап 7 Қауіпсіздік