HP Laptop Help Guide

SoftPaq Download Manager құралын пайдалану
HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын
SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы
SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен
SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді. SoftPaq Download Manager құралы
жүктеуге болатын SoftPaq файлын анықтау үшін бір немесе бірнеше компьютер үлгісін
көрсетуге мүмкіндік береді
.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында дерекқор немесе бағдарламалық
құралдың жаңартулары бар-жоқтығын тексереді. Егер жаңартулар табылған болса, олар
жүктеліп, автоматты түрде қолданылады.
SoftPaq Download Manager құралын HP веб-торабынан жүктеп алуға болады. SoftPaq Download
Manager құралын SoftPaq файлдарын жүктеп алуға пайдалану үшін, алдымен бағдарламаны
жүктеп орнатуыңыз тиіс. HP веб-торабына
http://www.hp.com/go/sdm мекенжайы бойынша өтіп,
SoftPaq Download Manager бағдарламалық құралын жүктеу жəне орнату нұсқауларын
орындаңыз.
SoftPaq файлдарын жүктеп алу үшін
1. Веб-браузерді ашыңыз. АҚШ-та қолдау алу үшін,
http://www.hp.com/go/contactHP
мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Справка и поддержка HP
(НР анықтамасы жəне қолдау) > HP Software Setup тармақтарын таңдаңыз.
3. Check for Software Updates (Бағдарламалық құрал жаңартуларының бар-жоқтығын
тексеру) түймешігін басыңыз.
4. SoftPaq Download Manager құралын бірінші рет бастаған кезде, бағдарламалық құралды
пайдаланылып тұрған компьютер немесе қолданылатын барлық модельдер үшін көрсету
туралы сұралатын
терезе ашылады. Show software for all supported models
(Бағдарламалық құралдың барлық қолдау көрсетілетін үлгілерге арналған түрін көрсету)
параметрін таңдаңыз. Егер HP SoftPaq Download Manager бағдарламалық құралын бұрын
пайдаланған болсаңыз, 3-қадамға өтіңіз.
а. Амалдық жүйені жəне тіл сүзгілерін Параметры конфигурации (Конфигурация
параметрлері) терезесінде таңдаңыз. Сүзгілер Каталог продуктов (Өнімдер каталогы)
аймағындағы мүмкіндіктер тізімін шектейді. Мысалы, егер амалдық жүйе сүзгісінің тек
Windows 7 Professional параметрі таңдалған
болса, Каталог продуктов (Өнімдер
каталогы) аймағында Windows 7 Professional амалдық жүйесі ғана көрсетіледі.
ə. Басқа амалдық жүйелерді қосу үшін, Каталог продуктов (Өнімдер каталогы)
терезесіндегі сүзгілеу параметрлерін өзгертіңіз. Қосымша ақпаратты HP SoftPaq
Download Manager бағдарламалық құралының Help (Аанықтамасынан) қараңыз.
5. Үлгілер тізімін кеңейту үшін, сол жақ аумақта қосу (+) белгісін басып, жаңартылатын
өнімдердің үлгісін немесе үлгілерін таңдаңыз.
6. Таңдалған компьютер үшін қол
жетімді SoftPaq бағдарламалық құрал файлдарының тізімін
жүктеп алу үшін, Find Available SoftPaqs (Қол жетімді SoftPaq файлдарын табу)
түймешігін басыңыз.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану 71