HP Laptop Help Guide

НР Мобильді кең жолақты модулі туралы жəне таңдаулы мобильді желілер қызметін
провайдері арқылы қызметті белсендіру əдісі туралы қосымша мəліметтер алу үшін
компьютермен бірге қамтамасыз етілетін НР Мобильді кең жолақты модулі туралы ақпаратты
қараңыз. Қосымша ақпаратты
http://www.hp.com/go/mobilebroadband мекенжайындағы НР веб-
торабын қараңыз (тек таңдаулы аймақтар/елдерде қолданылады).
SIM картасын салу
ЕСКЕРІМ: SIM ұясының орналасқан орнын анықтау үшін, Алғашқы жұмыс нұсқаулығын
қараңыз.
1. Компьютерді сөндіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді
болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе
арқылы компьютерді өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Егер компьютерде пайдаланушымен ауыстырылатын батарея бар болса, батареяны
шығарыңыз.
6. SIM картасын SIM ұясына салып
, ол өз орнына нық отырғанша SIM картасын оның ұясына
жайлап басыңыз.
ЕСКЕРТУ: SIM картасын салу кезінде, картаны компьютердегі SIM картасы ұясының
жанындағы белгішемен сəйкестендіріп орналастырыңыз. Егер SIM картасы дұрыс
салынбаған болса, бұл SIM картасын жəне SIM қосқышын зақымдауы мүмкін.
Қосқышқа зақым келтіру қатерін азайту үшін, SIM картасын орналастыру кезінде қатты күш
салмаңыз.
7. Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер батарея өз орнына орналастырылмаса, мобильді кең ауқымды НР желісі
ажыратылады.
8. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
9. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын алып тастау
ЕСКЕРІМ: SIM ұясының орналасқан орнын анықтау үшін, Алғашқы жұмыс нұсқаулығын
қараңыз.
1. Компьютерді сөндіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді
болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе
арқылы компьютерді өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
10 Бап 2 Желі орнату (тек таңдаулы үлгілерде)