HP Laptop Help Guide
3 Мультимедиа
Компьютерде төмендегідей мультимедиа бөліктері болуы мүмкін:
● Кірістірілген үндеткіш(тер)
●
Кірістірілген микрофон(дар)
●
Кірістірілген веб-камера
●
Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар
●
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану
Компьютер моделіне байланысты, медиа файлын ойнату, тоқтата тұру, алға айналдыру немесе
кері айналдыруға мүмкіндік беретін төмендегідей медиа белсенділігін басқару элементтері
жұмыс істеуі мүмкін:
●
Медиа түймешіктері
●
Медиа жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер)
●
Медиа пернелері
Компьютердегі медиа белсенділігі пернелері туралы ақпаратты Алғашқы жұмыс нұсқаулығынан
қараңыз.
Аудио
Компьютерде бірқатар аудио функциялары бар:
● Музыка ойнату.
● Дыбыс жазу.
●
Интернеттен музыканы жүктеу.
●
Мультимедиалық көрмелерді жасау.
●
Жылдам хабарлама алмасу бағдарламалары арқылы дыбыс жəне кескіндерді беру.
●
Радио бағдарламаларын тарату.
● Орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы
оптикалық диск жетегін пайдаланып аудо ықшам дискісін (жазу) жасау.
16 Бап 3
Мультимедиа