HP Laptop Help Guide
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Компьютерде зауытта қосылған қуатты үнемдеудің екі күйі бар: Ұйқы күйі жəне күту күйі.
Ұйқы күйі қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмыс жадқа сақталады
жəне күту күйіне қарағанда ұйқы күйінен жылдамырақ шығуға мүмкіндік береді. Компьютер ұзақ
мерзім үшін ұйқы күйінде болғанда немесе ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге
жеткенде, компьютер күту
күйіне қосылады.
Күту күйі қосылғанда, жұмыс қатты дискідегі күту күйінің файлына сақталады жəне компьютер
өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалуы қаупін азайту үшін, дискіден не
сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы немесе күту күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу
Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша ұйқы күйі батареяда немесе сыртқы қуат көзінде
болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасындағы «Параметры
электропитания» (Қуат параметрлері) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқы күйін қосуға
болады:
●
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
●
Дисплейді
жабыңыз.
●
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау) түймешігіне жақын
орналасқан көрсеткіні нұқып, одан кейін Спящий режим (Ұйқы күйі) белгішесін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
●
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
●
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
●
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
● Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер күту
режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
24 Бап 4 Қуатты басқару