HP Laptop Help Guide
HP Power Assistant пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
НР Power Assistant бағдарламасы компьютердің қуатты тұтынуын жəне батарея зарядын
оңтайландыру мақсатында жүйе параметрлерін реттеуге мүмкіндік береді. HP Power Assistant
бағдарламасы қуатты басқару кезінде негізделген шешім шығаруға көмектесетін құралдармен
жəне ақпаратпен қамтамасыз етеді.
●
Гипотетикалық жүйе конфигурациясында қуаттың тұтыну болжамдары
●
Алдын ала анықталған қуат профильдері
●
Қуаттың белгілі уақыт ішінде тұтынылу тенденцияларын көрсететін пайдалану мəліметтері
мен графиктері
Windows амалдық жүйесі
істеп тұрғанда HP Power Assistant бағдарламасын қосу үшін
▲
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и
средства (Өнімділік жəне құралдар) > HP Power Assistant тармақтарын таңдаңыз.
– немесе –
fn+f6 пернелер тіркесімін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе fn+f8 пернелер тіркесімін (тек
таңдаулы үлгілерде) басыңыз.
HP Power Assistant пайдалану мен басқару жəне параметрлерді реттеу туралы ақпаратты HP
Power Assistant бағдарламалық құралының
анықтамасынан қараңыз.
Батарея қуатын пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен
бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады. Компьютер айнымалы
ток қуатына қосылған болса да, батареяны компьютерде сақтау батареяны зарядтайды жəне
де қуат берілмей қалған жағдайда жұмысты
қорғайды. Компьютерде зарядталған батарея
болса жəне сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері
ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, компьютер батарея
қуатын автоматты түрде қосады.
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау
үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Дисплей жарықтығын жоғарылату немесе
төмендету туралы ақпаратты Алғашқы жұмыс нұсқаулығынан қараңыз. Тек таңдаулы
компьютер модельдерінде графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту
мақсатында ауыстырылады. Қосымша ақпаратты
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер
(тек таңдаулы үлгілер) 34-бетте бөлімінен қараңыз.
HP Power Assistant пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)27