HP Laptop Help Guide
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
Анықтама жəне қолдау орталығында компьютерде орнатылған батарея күйі туралы ақпарат
беріледі.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы
қуат көзіне жалғануы тиіс.
2. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Устранение неполадок
(Ақаулықтарды жою) > Питание, тепловое и механическое (Қуат, жылу жəне
механикалық) тармақтарын таңдаңыз.
3. Питание (Қуат) қойыншасын ашып, одан кейін Проверка батареи (Батареяны тексеру)
тармағын таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін
тексереді жəне тексерудің нəтижелерін
хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
▲
Меңзерді хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның
сақтық сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Пайдаланушымен ауыстырылатын батареямен жабдықталған компьютер қолданыста
болмағанда немесе зарядталмағанда батареяны компьютерден шығарып алыңыз.
●
Пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз
.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші)
параметрін таңдаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін басқару
Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды.
Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Windows жүйесінің
Панель управления (Басқару тақтасындағы) Параметры электропитания (Қуат параметрлерін)
қолдану арқылы өзгертуге болады. Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану
басымдықтарының жиынтығы шамдарға əсер етпейді.
Батарея қуатын пайдалану 29