HP Laptop Help Guide

еSATA құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: eSATA порт қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін құрылғыны күшпен
жалғамаңыз.
еSATA құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғысының еSATA кабелін
компьютердегі еSATA портына жалғаңыз.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
еSATA құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: eSATA қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін, eSATA құрылғысын ажырату
мақсатында кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол
бермеу мақсатында, құрылғыны қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. eSATA құрылғысын шығарып алу үшін ақпаратты сақтап, құрылғыға байланысты
бағдарламалардың барлығын жабыңыз.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы
бағдарламалық құралды жою белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3. Құрылғыны ажыратыңыз.
44 Бап 5 Сыртқы карталар жəне құрылғылар