User Guide - Windows 8

Астыңғы жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Қызмет көрсетуге арналған қақпақ Ішінде қатты диск, сымсыз желі модулі ұясы,
сымсыз кең аймақ желісінің ұясы (тек таңдаулы
үлгілерде) жəне жад модулінің ұялары болады.
ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау
үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе
аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші
үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат
еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Модульді ауыстырғаннан кейін, ескерту хабары
алынса, компьютер жұмысын қалпына келтіру үшін,
модульді шығарып, HP Support Assistant
бағдарламасы арқылы қолдау көрсету қызметіне
хабарласыңыз. HP Support Assistant
бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау
экранында HP Support Assistant белгішесін
таңдаңыз.
(2) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып,
біресе өшіп отыруы
қалыпты жағдай.
(3)
NFC (Аясы жақын сымсыз байланыс)
антеннасы
HP TouchZone арқылы сымсыз қосылуға,
байланысуға жəне деректер мен ақпаратты NFC
технологиясымен үйлесімді құрылғыларға беруге
жəне құрылғылардан алуға болады.
14 Бап 2 Компьютермен танысу