User Guide - Windows 8

Интернет провайдерін пайдалану
Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын
орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет
провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз
компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге
көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен
құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
WLAN желісін орнату
WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет:
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып
алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі
Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады)
Сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Төменде берілген суретте интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды
компьютерлерді қосуға болады.
WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе
Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу
WLAN желісін орнату бойынша көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе Интернет
провайдері берген ақпаратты қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Жаңа сымсыз компьютеріңізді жол жоспарлағышына онымен қамтамасыз етілген
желілік кабель арқылы бастапқыда қосу ұсынылады. Компьютер Интернетке сəтті қосылғаннан
кейін кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
WLAN жүйесін қорғау
WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз
кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе
кофеханалар жəне əуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз
етпейді. Байланыс орнында компьютердің қауіпсіздігі туралы сенімді болмасаңыз, құпия емес
электрондық пошта хабарын жіберу жəне негізгі Интернетте іздеу сияқты желі əрекеттерімен
шектеліңіз.
18 Бап 3
Желіге қосылу