User Guide - Windows 8
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90
градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус
жүргізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы
бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Жиектерді сипау (тек таңдаулы үлгілерде)
Жиектерді сипау қимылы параметрлерді өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе
пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға компьютердегі құралдар тақталарына қатынауға
мүмкіндік береді.
Оң жақ жиекті сипау
Оң жақ жиекті сипау қимылы шебер түймелерге қатынауға мүмкіндік береді. Бұл түймелер
іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларға қатынау немесе
параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды.
●
Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз.
28 Бап 4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау










