User Guide - Windows 8

бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы
конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына
рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
Қатты дискілерді пайдалану
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды
сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® Smart Response технологиясы (SRT) — компьютер жүйесінің жұмысын елеулі түрде
жақсартатын Intel® Rapid Storage технологиясы (RST) кэштеу мүмкіндігі. SRT мүмкіндігі SSD
mSATA модулі бар компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады
рəтінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл бір уақытта SSD жақсартылған жүйе жұмысының
тəжірибесін қамтамасыз ете отырып, ең үлкен сақтау сыйымдылығы үшін қатты диск жетегін
(немесе RAID көлемі) иемдену артықшылығын береді.
Қатты
дискіні қоссаңыз не жаңартсаңыз жəне RAID көлемін орнатуды көздесеңіз, SRT
мүмкіндігін уақытша ажыратып, RAID көлемін орнатуыңыз керек, одан кейін SRT мүмкіндігін
қосыңыз. SRT мүмкіндігін уақытша ажырату үшін:
1. Бастау экранында Intel сөзін теріңіз, одан кейін Intel Rapid Storage Technology (Intel
Rapid Storage технологиясы) пəрменін таңдаңыз.
2. Acceleration (Жылдамдату) сілтемесін таңдап, Disable Acceleration (Жылдамдату
режимін өшіру) сілтемесін басыңыз.
3. Аяқтау үшін Жылдамдату режимін күтіңіз.
4. Reset to Available (
Қолда бар параметрді орнату) сілтемесін таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: RAID режимдерін ауыстыру кезінде SRT мүмкіндігін уақытша
ажыратуыңыз керек. Өзгертуді жасап, SRT мүмкіндігін қайта қосыңыз. Бұл мүмкіндікті уақытша
ажыратпау RAID көлемдерін жасау не өзгерту үшін кедергі келтіреді.
ЕСКЕРІМ: HP өзіндік шифрлау дискілері (SED) бар SRT мүмкіндігін қолдамайды.
RAID туралы қосымша ақпарат алу үшін, RAID User Guide (RAID пайдаланушы нұсқаулығын)
қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулығына қол жеткізу үшін Бастау экранында HP Support
Assistant бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін User
guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 55