User Guide - Windows 8
Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні орнату үшін:
1. Қатты дискіні ұясына еңкейтіп кіргізіңіз де, ұяның ішінде тегіс ұстап орнатыңыз.
2. Қатты дискінің бұрандасын бекітіңіз.
3. Сервистік қақпақты дұрыстап туралай отырып орнына салыңыз. (
Қызмет көрсетуге
арналған есікті алу немесе қайта қою 56-бетте бөлімін қараңыз.)
4. Батареяны салыңыз (
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру 46-бетте бөлімін
қараңыз).
5. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
6. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні
дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп
қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді.
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей
береді. Қатты дискінің көлеміне жəне бөлініп қалған файлдар саына байланысты дискіні
дефрагментациялауға бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны түнде немесе компьютерді
қолдану керек емес басқа уақытта жасауға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын
айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолман жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін:
1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранында диск деп теріп, Параметры (Параметрлер) жəне Дефрагментация
жетского диска (Қатты дискіні дефрагментациялау) пəрмендерін таңдаңыз.
3. Оптимизация (Оңтайландыру) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы
есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату,
утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды
орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. HP Support Assistant бөлімін
қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP
Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 59