User Guide - Windows 8
Компьютерді тазалау
Тазалау өнімдері
Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау жəне дезинфекциялау үшін келесі өнімдерді
пайдаланыңыз:
●
Диметил бензиль амоний хлорид ең көбі 0,3 пайыз концентрация (Мысалы: бір рет
пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықтар. Бұл майлықтардың бренд атаулары
əртүрлі болады.)
●
Спирті жоқ əйнек тазалағыш сұйықтық
●
Жұмсақ сабын қосылған су
●
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ
антистатикалық шүберек)
●
Антистатикалық шүберек
майлықтар
ЕСКЕРТУ: Келесі тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз:
Спирт, ацетон, аммоний хлорид, матилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар.
Олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды.
Компьютерді сызаттауы мүмкін қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар. Уақыт өткенде,
кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рəсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз:
Компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер бетіне тазарту заттары немесе сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз.
Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз əйнек тазалау құралына малынған шүберекпен
жайлап сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оны құрғатып алу керек.
Компьютердің шеттері мен бетін тазалау
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, бұрын аталған
тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір
рет пайдаланылатын антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды жəне қоқымдарды кетіру үшін
айналма қозғалыстар жасаңыз.
72 Бап 10 Күтім