HP Laptop Help Guide
Тізбекті құрылғыны пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Таңдаулы компьютер үлгілерінде тізбекті порт бар. Бұл порт арқылы тізбекті модем, тінтуір
немесе принтер сияқты қосымша құрылғылар қосылады.
Кейбір тізбекті құрылғылар əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
▲
Тізбекті құрылғыны қосу үшін, құрылғының кабелін компьютердегі тізбекті портқа жалғаңыз
.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін
ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін,
құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз.
2. Егер токқа қосылған құрылғыны қоссаңыз, құрылғының қуат сымын жерге қосылған
айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны
компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын
суырыңыз.
Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану
Алынатын сыртқы дискілер мəліметтерді сақтау жəне оларға кіруге арналған мүмкіндіктер
санын ұлғайтады. USB жинақтағыш дискісін компьютердегі USB портына жалғау арқылы қосуға
болады.
Тізбекті құрылғыны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)45