HP Laptop Help Guide

ЕСКЕРІМ: HP сыртқы USB оптикалық дискілерін қуатқа қосылған компьютердегі USB портына
(тек таңдаулы үлгілерде) жалғау керек.
USB дискілерінің мына түрлері бар:
1,44-Мбайт дискет жетегі
Қатты диск модулі
Сыртқы оптикалық диск (ықшам диск, DVD жəне Blu-ray)
MultiBay құрылғысы
Кеңейту портын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютердегі қосымша порттар мен қосқыштарды пайдалану үшін, компьютер кеңейту порты
арқылы қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысына жалғанады.
Қондыру қосқышын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Қондыру қосқышы арқылы компьютер қосымша қондыру құрылғысына қосылады. Қосымша
қондыру құрылғысы компьютермен бірге пайдаланылуы мүмкін қосымша порттармен жəне
қосқыштармен қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз немесе қондыру құрылғысының көрінісі мен төменде көрсетілген
сурет сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
46 Бап 5 Сыртқы карталар жəне құрылғылар