HP Laptop Help Guide

Қатты дискілерді пайдалану
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Амалдық жүйе тиімді
жұмыс істеуі үшін, дискіні дефрагментациялау құралы қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар
мен қалталарды қайта біріктіреді.
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Қатты
дискінің өлшеміне жəне бөлініп қалған файлдар санына байланысты, дискіні
дефрагментациялау құралының аяқталуы үшін бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны
түнде немесе компьютерді ашу қажет болмайтын кездегі басқа уақытта іске қосылатын етіп
орнатуыңызға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды
ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Аксессуары (Керек-
жарақтар) > Служебные (Жүйелік құралдар) > Дефрагментация дисков (Дискіні
дефрагментациялау) тармақтарын таңдаңыз.
3. Дефрагментация
диска (Диск дефрагментациясы) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған
пайдаланушы жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату,
утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды
орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты
«Анықтама жəне қолдау» бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған
пайдаланушы жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату,
утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды
орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты
«Анықтама жəне қолдау» бөлімінен қараңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні
тазалау құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Қатты дискілерді пайдалану 49