HP Laptop Help Guide
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Олар мына мақсаттарға қолданылады:
●
ықшам диск
●
DVD
●
Blu-ray (BD) дискісі
Орнатылған оптикалық жинақтағыш дискіні анықтау
▲ Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз.
Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі.
Оптикалық дискіні салу
Диск науасы
1. Компьютерді қосыңыз.
2. Диск салғышты шығарып алу үшін, диск салғыш беткі тақтасындағы шығарып алу
түймешігін (1) басыңыз.
3. Диск салғышты (2) ашыңыз.
4. Дискінің тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап, диск белгісі жоғары
қарайтындай диск салғыш білігіне орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Диск салғыш толығымен қолданыста болмаса, дискіні біліктің үстіне абайлап
орналастырыңыз.
5. Диск (3) орнына түскенше оны диск салғыштың білігінде төмен жайлап басыңыз.
6. Диск салғышты жабыңыз.
52 Бап 6 Дискілер