HP Laptop Help Guide
Оптикалық жинақтағыш дискілерді ортақ пайдалану
Компьютерде ішкі оптикалық диск жетегі болмаса да, бағдарламалық құралды оңай
пайдалануға, қолданбаларды орнатуға, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық диск
жетегін ортақ пайдаланып, деректерді алуға болады. Диск жетектерін ортақ пайдалану — бір
компьютерге жалғанған диск жетегін сол желідегі басқа компьютерден пайдалануға мүмкіндік
беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі.
ЕСКЕРІМ: Оптикалық диск жетектерін ортақ пайдалану үшін желінің параметрлерін реттеу
қажет. Желі параметрлерін реттеу туралы қосымша ақпаратты
Желі орнату (тек таңдаулы
үлгілерде) 3-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Фильм жəне ойын DVD дискілері сияқты кейбір дисктер көшірілуден қорғалған
болуы мүмкін, сондықтан DVD немесе ықшам диск жетігінің ортақ қолданысына жарамайды.
Оптикалық диск жетегін ортақ пайдалану:
1. Оптикалық диск жетегі ортақ қолданыста болған компьютерден Пуск (Бастау) >
Компьютер тармағын таңдаңыз.
2. Ортақ қолданылатын оптикалық диск жетегін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Свойства (Сипаттар) параметрін таңдаңыз.
3. Общий доступ (Ортақ пайдалану) қойыншасын таңдап, Дополнительный общий доступ
(Қосымша ортақ пайдалану) параметрін таңдаңыз.
4. Share this folder (Қалтаны ортақ
пайдалану) ұяшығына құсбелгі қойыңыз.
5. Имя общего ресурса (Ортақ ресурстың аты) мəтін ұясына оптикалық диск жетегінің атын
енгізіңіз.
6. Применить (Қолдану) пəрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
7. Ортақ пайдаланудағы оптикалық диск жетегін көру үшін, Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет) > Центр
управления сетями
и общим доступом (Желі жəне ортақ пайдаланысты басқару
орталығы) тармағын таңдаңыз.
RAID пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
RAID технологиясы компьютерде екі немесе одан да көп қатты дискіні бір уақытта қатар
қолдануға мүмкіндік береді. RAID технологиясы көмегімен аппараттық немесе бағдарламалық
құрал параметрлері арқылы бірнеше дискілер біртұтас диск ретінде қолданылады. Егер
бірнеше диск біртұтас диск ретінде жұмыс істейтіндей етіп орнатылған болса, олар RAID
мөлшері деп аталады.
RAID туралы қосымша ақпарат алу үшін Анықтама жəне
қолдау орталығында орналасқан
Руководство пользователя RAID (RAID пайдаланушы нұсқаулығын) қараңыз немесе
http://www.hp.com/support мекенжайындағы НР веб-тарабына өтіңіз.
56 Бап 6 Дискілер