HP Laptop Help Guide
7 Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте
маңызды. Windows амалдық жүйесі, Windows емес Computer Setup (BIOS) утилитасы жəне
басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік
функциялары жеке параметрлер мен деректерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-
қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған. Бірақ
олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдардың
сақтық көшірмелерін жасап, файлдарды жəне құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Нұсқаулықтың ішінде сипатталған кейбір функциялар компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз Computrace құралын қолдайды, бұл онлайн қауіпсіздікке негізделетін
қадағалау жəне қалпына келтіру қызметі кейбір аймақтарда қолжетімді болады. Егер
компьютер ұрланған болса, рұқсаты жоқ пайдаланушы Интернетке кіргенде Computrace құралы
компьютердің ізін қадағалай алады. Computrace құралын пайдалану үшін, бағдарламалық
құралды сатып алып, қызметке жазылуыңыз тиіс. Computrace бағдарламалық құралына
тапсырыс беру туралы ақпарат алу үшін,
http://www.hpshopping.com НР веб-торабына өтіңіз.
Егер компьютер келесі аппараттық құралдармен жабдықталған немесе оған бағдарламалық
құралдар орнатылған болса, компьютерді пайдалану оңайлылығы мен оның қауіпсіздігін бұзу
қиыншылығын реттеу мақсатымен қауіпсіздік деңгейінің параметрлерін орнатуға болады.
●
Егер компьютерге веб-камера орнатылған немесе жалғанған болса жəне Face Recognition
(Бет тану) бағдарламасы орнатылған болса.
●
Егер компьютерге саусақ ізін оқу құрылғысы орнатылған немесе жалғанған
болса жəне HP
Security Manager бағдарламасы орнатылған болса.
Қосымша ақпаратты HP ProtectTools консолімен жұмысқа кірісу жөніндегі нұсқаулықтан жəне
HP ProtectTools Security Manager бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану HP ProtectTools Security Manager бағдарламалық құралы
(тек таңдаулы үлгілерде) құпия сөз, смарт карта,
контактісіз карта, тіркелген бет суреттері, тіркелген
саусақ ізі мен басқа аутентификациялық деректермен
бірге қолданылғанда.
Компьютерді қорғау 57